Мәселе

Қазақстандықтар үйінің терезесін қайта жабдықтауға міндеттеледі

  • https://baigenews.kz/

    https://baigenews.kz/

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті терезені жабдықтау талаптарына өзгеріс енгізеді. Бұл туралы бүгінгі онлайн брифингте елордалық департаменттің басқарма басшысы Орал Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

 

"Негізгі мақсат – балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу. Ол үшін мемлекеттік стандартқа терезенің ашылатын жерлеріне торлар мен қауіпсіздік құлыптары сияқты арнайы құралдарды орнату талабын енгіздік", - дейді Әбдірахманов.

 

Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде қауіпсіздік құлыптарын мемлекеттің қаражатына орнату жоспарланған. Бүгінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданды.

 

"Өкінішке қарай, жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап кетті. Жаңа талаптың арқасында осындай оқиғалар азайып, бала өлімі төмендейді деген сенім бар. Көпқабатты үйлерде терезеге арнайы қауіпсіздік жабдықтарын ата-аналардың өздері орнатады. Себебі олар балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.

 

Оның айтуынша, қауіпсіздік құлыбы және тордың бар-жоғын ешкім тексермейді. Бірақ халық арасында түсіндіру шаралары кеңінен жүргізіледі.

 

 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 13:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31