Мәселе

Қазақстандықтардан ұшаққа отырарда Covid-19-ға анықтама талап етілмейтін болды

  • https://eadaily.com/

    https://eadaily.com/

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов әуе көлігінде Covid-19 инфекциясына ПТР тесттен өту міндеттілігі жөніндегі талаптарды алып тастау туралы түсініктеме берді.

 

Осыған дейін мәлімделгендей, алдағы уақытта елдің ішкі әуе рейстеріне талаптар жұмсартылады. Себебі қазір сырттан келетін жолаушыларға COVID-19 белгілерін растайтын және басқа да талаптар бойынша арнайы мониторинг жүргізіледі.

 

Айта кету керек, 2020 жылдың 1-10 мамыры аралығында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша әуе кемесімен ұшып келген жолаушылар, әуежай қызметкерлері мен әуе кемесінің экипаждары арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ.

 

Осыған байланысты, биылғы жылдың 11 мамырынан бастап жолаушылар, әуежайлар қызметінің өкілдері және экипаж үшін Covid-19 инфекциясына ПТР тесттен өту міндетті талабы алынып тасталды.

 

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер тиісті қаулы қабылдады.

 

ҚазАқпарат 

 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 10:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30