"Қазақстандықтарды сүйреп әскерге әкетіп жатыр": Қорғаныс министрлігі түсіндірді

25 сәуір 2022, 22:58

Әлеуметтік желіде Шымкентте ер адамды күшпен көлікке отырғызып, әскерге алып бара жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шымкентте жігіттерді күшпен әскерге алып кетіп жатыр. Бұл сұмдық. Оларды көшеден алып кетеді, тіпті ата-анасына телефон соғуға да мүмкіндік бермейді!" – дейді куәгер.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Сәуірдің 22-сі күні Шымкентте қорғаныс ведомстволарының шақыртулары бойынша келмей, әскерге барудан жалтарғандарға іздеу жүргізілді. Соның нәтижесінде стансаға 6 әскерге шақырылған азамат әкелінді.

"Рейдтік іс-шараның қорытындысы бойынша ата-аналар мен әскерге шақырылғандар тарапынан қорғаныс бөліміне шағымдар түскен жоқ. Шақыру қағазын алған әскерге шақырылушылар шақыру учаскелеріне медициналық комиссиядан өтуге келмейді", - деді министрлік.

Медициналық комиссиядан және мерзімді әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейтіні еске салды қорғаныс министрлігі.

Бұған дейін қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, әскерге шақырудан жалтарғандарға заң аясында ғана шара қолданылып жатқанын айтқан болатын.