Мәселе

Қазақстанға 100 мыңдаған қытай жұмысшылары тартылып отыр

  • Қазақстанға 100 мыңдаған қытай жұмысшылары тартылып отыр

    Қазақстанға 100 мыңдаған қытай жұмысшылары тартылып отыр

Іргедегі қытайлардың миграциясы қазақстандықтардың басты үрейіне айналды. Бұл елде жыл сайын Қазақстан халқының жартысына тең адам дүниеге келеді.

Қытай компаниялары Қазақстан мұнайының 24%-ын өндіріп отыр. Мұнымен тоқталмай, 55 жоба аясында 27 млрд доллар инвестиция салмақшы. Бұл жобалар тау-кен өнеркәсібі, энергетика, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі мен басқа да салаларды қамтиды, деп жазады inbusiness.kz.


Билік бұл инвестициялардың артында мол табыс тұрғанын қанша айтса да, басқа елдердің тәжірибесі арқаны кеңге салуға болмайтынын көрсетіп отыр. Қытай туралы сөз бола қалса, ресми тұлғалар экономиканы әртараптандыру мен арзан ақша туралы айтады да, ықтимал қауіптер туралы жақ ашпайды. Шынтуайтында, Қазақстандағы жағдай да, әлемдегі ахуал да жұрттың бекерден-бекер қауіптенбейтінін байқатады.


Іргедегі қытайлардың миграциясы қазақстандықтардың басты үрейіне айналды. Бұл елде жыл сайын Қазақстан халқының жартысына тең адам дүниеге келеді. Билік бұл қауіпті ұмыттыру үшін Қытайға қарсы наразылықты бәсеңдетуге күш салып келеді. Қазақстанда Қытай жұмысшылары шынымен көп пе?


 


Бұл ел Қазақстан аумағына жұмысшыларын кіргізуден алдына жан салдырмай тұр. 2010-2017 жылдар аралығында біздің елге 100 мың қытай жұмысшысы тартылған (бұл – елдегі шетелдік жұмысшылардың үштен бір бөлігі деген сөз). Аталмыш көрсеткіш бойынша екінші орында тұрған Түркияның өзі шетелдік жұмысшыларды екі есе аз жалдаған. Кейінгі жылдары қытайлық жұмысшылардың саны да, шетелдік жұмыс күшіндегі үлесі де ұлғайған. 2013 жылдан 2017 жылға дейін Қытай жұмысшыларының саны екі өсе өсіп, шетелдік жұмыс күшіндегі үлесі 27-ден 43%-ға артқан. 




Көрілген: 3350    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 11:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31