Мәселе

Қазақстаннан Қырғызстан президентінің сыңары табылды

  • Қазақстаннан Қырғызстан президентінің сыңары табылды

    Қазақстаннан Қырғызстан президентінің сыңары табылды

  • Қазақстаннан Қырғызстан президентінің сыңары табылды

    Қазақстаннан Қырғызстан президентінің сыңары табылды

Бішкекте жұмыс істейтін 28 жастағы қазақстандық дәрігер Асқар Байділда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан аумайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Kaktus.media мәліметінше, Асқар Тараз тумасы. Оның әпкесі Бішкекте ұзақ уақыттан бері тұрады және оған жергілікті медициналық академияда оқуға кеңес берген. Жігіт оның сөзіне келісіп, 2013 жылы университетке түскен.

 
«Таныстарым менің Садыр Жапаровқа ұқсайтынымды айта бастады. Мұны негізінен егде жастағы адамдар, Қырғызстанның саясатын түсінетін зейнеткерлер айтты. Бірақ мен мән бермедім. Жапаров президент болды, теледидарда көп шыға бастады. Мені көргендердің барлығы дерлік біздің ұқсастығымыз туралы айтады. Бұл мені де қызықтырды. Мен бұл адам туралы мәліметтер іздедім, өмірбаянын оқыдым. Шынымен де, біздің түріміз қатты ұқсайды», - деді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, қазір адамдар оған көшеде қарап өтеді екен.

«Көп адам мені өзінің туысқаны деп қабылдайды, мені бір жерден көргендей болады. Мен президентке ұқсайтынымды бәріне айтамын. Кейде олар тоқтап, менімен суретке түсуді сұрайды», - деді қазақстандық.

Асқар саясатқа қызықпайды және болашағын медицинамен байланыстырады.

«Мен мамандығым бойынша невропатологпін, Қазақстанда медициналық практикамен айналыстым, ортопедиялық орталықта жұмыс істедім. Сүйек диагнозы бар балаларға массаж жасадым. Бірақ қазір мен Бішкекке оралдым. Бішкекте ортопедиялық орталық ашып, онымен жұмыс жасағым келеді», - деді ол.




Көрілген: 945    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 08:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30