Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Синоптиктердің мәліметінше, 31 желтоқсан күні Шымкент, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады.
 
Қазақстанның өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді.
 
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
 
 
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.