Мәселе

Қазақстанның 8 өңірінде мектеп дәретханасына қатысты мәселе әлі шешілмеген - БҒМ

  • Қазақстанның 8 өңірінде мектеп дәретханасына қатысты мәселе әлі шешілмеген - БҒМ

    Қазақстанның 8 өңірінде мектеп дәретханасына қатысты мәселе әлі шешілмеген - БҒМ

Қазақстанның сегіз өңірінде дәретханасы далада орналасқан мектептер әлі де бар. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылының алдында БҒМ-ның Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері еліміздің барлық өңіріндегі әкімдіктерге қарасты мектептерді тексерген.

"Тексеріс барысында Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында мектеп дәретханасына қатысты мәселе 100 пайызға орындамағаны анықталды. Бұған дейін үкімет мектеп жанындағы барлық көше дәретханаларын оқу жылының басына дейін жою міндетін қойған еді", - делінген хабарламада.
 
Сондай-ақ, министрлікте дәретхана кабиналары, қол жуатын раковиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар болуы бойынша эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне сұрақтар туындайтыны айтылды.

"Бұл ретте, қысқа мерзімде жергілікті атқарушы органдар 2 600-ден аса дәретхана салғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында бейнебақылау камераларын орнату мәселелері толық шешілген жоқ.

​Білім және ғылым министрлігі мектептерге қатысты тапсырмаларды орындамаған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін бірқатар өңір әкімдігіне хат жолдады. Әңгіме көшедегі дәретханалар, бейнебақылау камералары, дабыл түймелері және қауіпсіздік жүйесінің басқа да элементіне байланысты проблемаларды шешу туралы болып отыр", - деді ведомство өкілі.
БҒМ бұл ретте мектептерді қаржыландыру функциялары, оларды салу және қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде санитарлық жағдай жасау, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері әкімдіктердің құзыретінде екенін айтты.

2019 жылдың қарашасында Тараздағы мектептердің бірінде 12 жастағы қыз зорланған. 7 сынып оқушысы география сабағының уақытында көшедегі дәретханада зорлық-зомбылыққа ұшырағаны хабарланған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғадан кейін аймақ әкімдеріне дәретханалар мен бейнебақылау мәселелерін 2020 жылы шешуді тапсырды.




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 22:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31