Мәселе

Қазақстанның алты облысында ескерту жарияланды

  • © Photo: СС0 / Tobias Hämmer

    © Photo: СС0 / Tobias Hämmer

Қазақстанның алты облысы мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ауа райы күрт бұзылады, деп хабарлайды Қазгидромет.


Дабылды ескерту қай өңірлерде жарияланды


Қостанай облысы: кей жерде күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде кей жерде екпіні 15-20, күндіз 15-20, ұйытқуы 23 м/с болады. Қостанай қаласында күн күркірейді, күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады – 15-20 м/с.


Түркістан облысы: таңертең және күндіз кей жерде күн күркіреп, дауыл соғуы мүмкін. Шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз ұйытқуы 23 м/с. Түркістанда оқтын-оқтын шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екіпіні – 15-20 м/с.


Ақмола облысы: кей жерде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с. Көкшетауда таңертең және күндіз күн күркірейді. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.


Қызылорда облысы: кей жерде күн күркіреп, жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерде 15-20, күндіз 15-20, кейде 25 м/с. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.


Батыс Қазақстан облысы: күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Оралда 29 шілдеде күн күркіреп, күндіз желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.


Солтүстік Қазақстан облысы: күн күркіреп, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20 м/с. Петропавлда күн күркіреп, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.


Нұр-Сұлтан мен Шымкенттегі ауа райы


Нұр-Сұлтанда: күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.


Шымкентте: 29 шілдеде таңертең және күндіз оңтүстік батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.


 




Көрілген: 1010    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 12:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31