Мәселе

Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа "Омикрон" штаммына қатысты қаулысы шықты

  • Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа

    Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа "Омикрон" штаммына қатысты қаулысы шықты

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының "Омикрон" штаммы Қазақстан аумағында таралмауына арналған жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатта Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарды қабылдаудың тәртібі бекітілген. Ол тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларынан, ертіп жүретін адамның ПТР анықтамасы болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалардан, авиакомпаниялардың экипаждарынан, Қазақстан аумағында COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған азаматтардан басқалардың бәрі мемлекеттік шекараны кесіп өту сәтінде мерзімі 3 тәуліктен аспайтын ПТР анықтамасын ұсынуға міндетті.

 
"Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египет елдерінен келген азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте мерзімі 72 сағаттан аспайтын ПТР анықтама көрсетуге міндетті", - деп жазылған қаулыда.

Ал халықаралық транзитпен өтетін жолаушыларға транзиттік аймақтан шығуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде 72 сағаттан кешіктірмей таңдалған ПТР әдісі бойынша COVID-19 тестісінің теріс нәтижесі бар сертификатты ұсынбаған жолаушылар рейске жіберілмейді. 

Соңғы 14 күн ішінде Австралияға, Бельгияға, Ұлыбританияға, Германияға, Египетке, Израильге, Италияға, Канадаға, Нидерландыға және Чехиядан Қазақстанға келген адамдар 7 күн бойы үйден оқшауланады.

Үйде оқшаулау карантині ПТР бойынша COVID-19 тестісінің теріс нәтижесі бар сертификаттың болуына және COVID-19 вакцинасына қарамастан жүзеге асырылады.

Құжат 2021 жылғы 3 желтоқсан 00:00-де күшіне енеді.




Көрілген: 2148    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 01:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31