Мәселе

Қазақстанның бес қаласында митинг өткен: министрлік түсініктеме берді

  • © Sputnik / Анна Платонова

    © Sputnik / Анна Платонова

Бас прокуратураның ресми үндеуіне қарамастан, бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында рұқсат етілмеген митингтер өтті.


Заңсыз шеруге шыққандарға өздерінің қоғамдық ұстанымдары мен әлеуметтік және басқа да мәселелер бойынша өз пікірін ашық және еркін білдіруге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.


Дегенмен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кейбір адамдар өздерін дөрекі ұстап, елімізде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының ұранын айғайлап, қоғамдық тәртіпті бұзған.


"Осыған байланысты прокуратура мен әкімдік өкілдері оларға бейбіт жиналыстар мен митингтерді өткізу тәртібінің ережелерін түсіндірді. Кейбір азаматтар заңсыз әрекетті тоқтату туралы талапқа бағынбады. Осыдан кейін полиция күштері заң бұзғандарды ұстап, қоғамдық тәртіп орнату үшін тиісті шаралар қабылдады", - деп мәлімдеді ІІД-ден.


Нәтижесінде елорда мен Алматы қаласында полиция бөлімдеріне 80 адам жеткізілген. Олардың әрекетіне заңмен белгіленген тәртіпте құқықтық баға беріледі, деп атап өтті ведомстводан.


Ішкі істер министрлігі азаматтарға арандатушылыққа бой алдырмауға және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға кеңес береді, делінген хабарламада.


ҚДТ, Қазақстанның демократиялық таңдауы* - Қазақстанда экстремистік деп танылған ұйым, оның қызметіне елде тыйым салынған.


Sputnik


 




Көрілген: 6446    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2019, 23:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31