Мәселе

Қазақстанның бейбіт жиындар туралы жаңа заңын модернизациялық күн тәртібі негізінде қарастырған жөн

  • Қазақстанның бейбіт жиындар туралы жаңа заңын модернизациялық күн тәртібі негізінде қарастырған жөн

    Қазақстанның бейбіт жиындар туралы жаңа заңын модернизациялық күн тәртібі негізінде қарастырған жөн

Қазақстанның бейбіт жиындар туралы жаңа заңын модернизациялық күн тәртібі негізінде қарастырған жөн. Саяси экономика саласындағы беделді ғалымдардың бірі Ф.Фукуяма модернизация теориясының үш негізін құрылымын көрсетеді – бұл экономикалық өсу, әлеуметтік жұмылдыру және саяси даму. Осы элементтердің әрқайсысы қоғамның «дәстүрлі» күйден «заманауи» модельге өзгеруі мен ауысуында негізгі рөл атқарады.
Әр түрлі байланысты факторларға байланысты қоғамды жаңғырту циклі әртүрлі кезеңдерден басталуы мүмкін. Мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінің едәуір бөлігінде жаңғырту үдересі азаматтардың реформаға деген сұранысының артуы арқылы XVIII-XIX ғасырдың басында басталды. Бұл өз кезегінде алғашқы инклюзивті саяси институттардың пайда болуына және индустриялық дамудың одан әрі дамуына әкелді. Яғни, бұл мемлекеттерде қоғамның әлеуметтік жұмылдырылуы елдердің саяси дамуына және одан кейінгі экономикалық өсуінен бұрын орын алды.
Бір айта кетерлегі, Қазақстан көп жағдайда Оңтүстік Азия елдерінің жаңғыру жолымен жүріп келеді. Жапонияда, Оңтүстік Кореяда және Тайваньдағы XX ғасырдың екінші жартысындағы белсенді экономикалық өсім азаматтық қозғалыстардың өсуіне және соған байланысты саяси өзгерістерге себеп болды. Осыған ұқсас сценарий Қазақстанда байқалады, яғни тәуелсіздік кезеңінде индустриялық даму бағдарламалары арқылы мемлекет тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етті. Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту азаматтардың үкіметпен сұхбаттасуға және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуға деген сұранысының артуына әкелді.
Осы тұрғыда Қазақстандағы бейбіт жиындар туралы жаңа заң Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген саяси реформалар топтамасына кіреді. Осылайша, Қазақстан қоғамды жаңғыртудың соңғы сатысында тұр. Бейбіт жиындар туралы жаңа заң азаматтардың әлеуметтік жұмылдыру және түрлі қоғамдық-саяси мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіру мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған. Сонымен қатар, бейбіт жиындардың рұқсат етілген сипатынан хабарландыру сипатына өту – бұл қазақстандық саяси жүйені ырықтандыруға бағытталған прогрессивті қадам.

Бейбіт жиындар туралы заңның қабылдануы, ақырында, қазақстандық қоғамда митингілер, пикеттер және демонстрациялар мәдениетін қалыптастырады. Өз кезегінде, азаматтардың «кері байланысы» мемлекеттік саясат саласындағы ойластырылған шешімдердің қабылдануына ықпал етеді. Бейбіт жиындар туралы заңға түзетулер кең ауқымды көзқарас тұрғысынан алғанда, қазақстандықтардың азаматтық болмысын нығайтуға және қоғамның мемлекеттік билік жүйесіне әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.

 Ахметжаров Слямжар,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ,

Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 23:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30