Мәселе

Қазақстанның бірнеше облысында шектеу шаралары енгізілді

  • Қазақстанның бірнеше облысында шектеу шаралары енгізілді

    Қазақстанның бірнеше облысында шектеу шаралары енгізілді

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы бірнеше елді мекен құс өнімдерін шығара алмайды. Бірнеше облыста құс тұмауы анықталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы уақытқа дейін 47 елді мекенде құс қырылды. Бұның барлығы бес облыстың 26 ауданында болған. Жалпы, жеке үйлерде өлген құстың саны 12 926 басқа жетті. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикасында 41 мың құс қырылып қалды", - деді Исаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды

Вице-министрдің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында 27 ауылда құс қырылса да, қауіпті вирус 23 ауылда анықталған. Осыған байланысты 17 қыркүйектен бастап 7 ауданда құс өнімдерін шығаруға шектеу енгізілді. Олар:

Тимирязев ауданы;
Жамбыл ауданы;
Қызылжар ауданы;
Тайынша ауданы;
Шал ақын ауданы;
Ғабит Мүсірепов ауданы;
Мағжан Жұмабаев ауданы.
Ал Айыртау ауданы бойынша Қарақамыс ауылында шектеулер енгізілді. Бұдан бөлек, Ақмола облысында Шойындыкөл ауылы, Павлодар облысында Еңбекші, Ақтау және Трофимовка ауылдары, Қостанай облысында Сокол, Маяк және Красная Пресня ауылдары құс өнімдерін шығара алмайды.

"Сондай-ақ, қазіргі кезде Қарағанды облысының Нұра ауданында құстың қырылуынан қатысты зертханалық жұмыстар атқарылып жатыр", - деп түйіндеді Исаева. 




Көрілген: 288    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 17:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31