Мәселе

Қазақстанның екі қаласында қоғамдық моншалар іске қосылады

  • https://jitiqara.kz/

    https://jitiqara.kz/

Нұр-Сұлтан мен Петропавлда сауда-ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

 

Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігіне тоқталды. Себебі қарантин шараларын жеңілдету кейбір өңірлерде ауруды жұқтыру санын көбейтіп отыр.

 

"Осыған орай өңірлерде қызметіне қайта кіріскен объектілерде санитариялық талаптардың орындалуына қатаң бақылау ұйымдастыру тапсырылды", - деп жазды үкімет басшысының ресми сайты.

 

Тек Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында санитариялық талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін 15 құрылыс нысанының қызметі анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше тоқтатылды.

 

Сонымен қатар қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылдың 20 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды), қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды.

 

sputniknews.kz

 

 




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 00:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30