Мәселе

Қазақстанның екі облысында анықталмаған аурудан мал қырылып жатыр

  • Қазақстанның екі облысында анықталмаған аурудан мал қырылып жатыр

    Қазақстанның екі облысында анықталмаған аурудан мал қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстанда мал қырылып жатыр. Мортық ауылында кейінгі айда бірден 16 бұзау өлген. Жануарлар өлімінің себебін анықтау мүмкін болмай отыр, өлексесі дереу өртелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, мал дәрігерлері талдауға қан сынамасын алып үлгермеген, бірақ малдың қырылу себебі эмфизематоз карбункулы деген болжам жасап отыр. Өңірде бұл ауру көптен бері байқалмаған. Инфекция бірінші кезекте ағзасы жетілмеген жануарларға қауіпті, ал жас болғандықтан екпе салуға болмайды екен. Жаздың аптабы да теріс ықпалын тигізген болуы мүмкін.

 
Мал Ақмола облысында да қырылған. Азат және Қарабұлақ ауылдарында 500-ден аса бас ірі қара ауырып, онға жуық мал өлген. Телеарна журналистерінің айтуынша, мал дәрігерлері бұған тағы да аптапты кінәлап отыр. Олардың пікірінше, құрғақ шөп сиырлардың ауыз қуысын жарақаттап, сосын ол стоматитке ұласады. Бұл малға ауыр тиетін, өлімге әкеп соғатын ауру екені айтылады.




Көрілген: 1200    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 10:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30