Мәселе

Қазақстанның екі өңірінде блок бекеттер қойылды

  • © Photo : пресс-служба Департамента по делам обороны Алматы

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20200930/15092375/eki-onir-blok-beketter-.html

    © Photo : пресс-служба Департамента по делам обороны Алматы Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20200930/15092375/eki-onir-blok-beketter-.html

Қазақстанның екі облысында блок бекеттер мен санитарлық бекеттер орнатылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулысына сәйкес екі өңірде 4 блокбекет және 2 санитарлық бекет қойылды. Бұдан басқа, полиция қызметкерлері 299 карантиндік нысанды бақылайды",- деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.
Министрліктің ақпараты бойынша блок бекеттер Атырау облысында, ал санитарлық бекеттер Ақтөбе облысында қойылған. 

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары медициналық мекемелердің сұрауымен науқаспен байланыста болған адамдардың мекенжайын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Республикада карантин шараларын қамтамасыз етуге күн сайын 10 мыңға жуық полицей, Ұлттық ұлан әскерилері және шамамен 1000 ерікті жұмылдырылады.

5 шілдеден бері денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер 50 мыңнан аса рейд өткізген.

Карантинді бұзудың 28 мыңнан астам фактісі анықталып, жолы кесілді.

Заңбұзушылықтардың дені Қостанай, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жасалған.




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 13:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31