Мәселе

Қазақтан қыз алғың келсе - салық төле!

  • Қазақтан қыз алғың келсе - салық төле!

    Қазақтан қыз алғың келсе - салық төле!

 Заңгер Абзал Құспан осындай бастама көтеріп, пікір білдірді. Оның ойынша, бұл атақ-абырой жинауды көздейтін пиар қадам емес, түсінген жанға аталған идеяның астарында ұлт мүддесі жатыр. Көрші түрікмен халқынан үлгі алып, мұндай қадамға барған дұрыс па? Қыз-келіншектердің пікірі қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Қазақтың қаракөз қызының шетелдіктер үшін құны бар. Заңгердің осы сөзі қазнетте қызу талқыға түсуде. Абзал Құспан былай дейді:


«Ұлттың келешегін ойлау қаперлеріне кірмейді. Осы мәселені айналадағыларға айтсаң: «Өзге ұлттың көңіліне келер. Оқыс жағдай туып кетер. Қазір заман басқа, қыз кімді көңілі қаласа, сонымен бірге болғаны жөн ғой», деген жалтақ уәж айтады. Бұл қазақтың болашағына бейжай, самарқау қарау деген сөз. Мұның бәрін біз айтпасақ, кім айтады? Қазақ үшін ойланатын да, толғанатын да мәселе көп».


Заңгердің пайымына салсақ, біздің қыздар балабақшадан бастап қолына дипломын алғанға дейін оқиды-тоқиды. Сосын, бойжеткенде өзге ұлттың қолынан ұстап кете баруы дұрыс емес. Осы тақырыпқа орай, астаналық аруларды да әңгімеге тартып көрдік. Пікірлері біржақты емес.


«Егер ондай шешім қабылданатын болса, онда мен құптаймын. Жоғарыдағы басшылық өзі біледі ғой: не дұрыс, не бұрыс екенін. Өз басым мен қазақ жігітіне тұрмысқа шыққым келеді».


«Менің ойымша бұл дұрыс емес. Әр адам ұлтына қарамай сүйген адамына қосылуы тиіс. Сондықтан мен келіспес едім».


«Дұрыс шығар солай істеген. Салық болғаны дұрыс шығар. Иә, негізі дұрыс деп есептеймін. Бұған дұрыс жауап беру үшін ойлану керек».


Махаббатты ғылыми категорияға жатқыза алмайсың. Оған сот жүрмейді. Әлеуметтанушылар ұсынған соңғы статистикаға мән берсек, аралас некелердің үлес салмағы тым көп емес екен.


«Соңғы кездердегі көрсеткіштерге қарасақ, аралас некелердің саны сонша көп емес. Және оның көлемі ұлттың болашағына соншалықты қауіп-қатер төндірмейді де, ассимиляцияға ұшырайтындай тағы басқа. Өзге мемлекеттер сияқты аралас некеге салық салып, ерекше қосымша бір төлемақы алу ол менің өз түсінігімде сонша көңілге қонбайды» - дейді әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы.


Тақырыпқа тұздық болсын деп аталған сауалды депутаттарға да қойып көрдік. Нұртай Сабильяновтың пікірінше, бұл үрдісті өзгертудің бір жолы мынада.


«Өзіміз отбасымызда тәрбие жүргізіп, өзіміздің азаматтарды қазақтарға тұрмысқа шығарып, қазақтардан қыз алуды осыны жалғастыруымыз керек. Ал қазіргі жағдайда басқа ұлтқа шығып жататын болса неге шығып жатыр соны зерттеп, талдап алдын алу керек деп ойлаймын» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов.


Бабаларымыз «тәрбие тал бесіктен басталады» дейді. Әңгіменің түп-төркіні осыған келіп тірелетіндей. Махаббат, аралас неке деген мәселе бар жерде ұлттың мүддесі, қан тазалығы деген тақырыптар да төбе көрсетеді. Қазақтан қыз өзге ұлт өкілдері мемлекет пайдасына салық төлесін деген заң бүгін-ертең қабылдануы екіталай. Бірақ, талқылауға түсіп, түбі идея ретінде пісіп, ақыры ұсынысқа айналуы әбден мүмкін.


matritca.kz




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30