Мәселе

"Қазақтар Африкада аң аулауға шықты": Желіде тараған видео жұртты шошытты

  • "Қазақтар Африкада аң аулауға шықты": Желіде тараған видео жұртты шошытты

Қазнетте "Қазақтар Африкада аң аулауға шықты" деген видео таралып жатыр. Кадрларда жабайы жануарларды атып өлтіріп жатқаны көрінеді, болжам бойынша оқиға Африкада болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеода жираф, зебра және басқа да жануарларға оқ атылғанын байқауға болады. Кейін ер адамдар жануарлардың өлексесін көлікке сүйреген. Бұдан соң жануарларды сойып жатқан кадр көрінеді.

Сондай-ақ роликте аңшылардың өз олжаларымен түскен суреті де бар.

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева видеоға түсініктеме берді.

"Біздің отандастарымыз жабайы экзотикалық жануарларды аулап жатқан видеоны көргеннен кейін жағымсыз сезім туып, тіпті көңілім қалды, оқиға шамасы "Африкада" болған. Мен мұны адам мәдениетінің ең төменгі көрсеткіші деп санаймын. Адамдар үшін бұл шынымен көңіл көтеру екені таңғалдырады - оларға жануарларды өлтіру құқығы берілгендей! Бұл жайт жануарлар тағдырына бей-жай қарамайтын адам ретінде мені қынжылтты. Экзотикалық елде де біз адам бола білуіміз керек. Мен мұндай әрекеттерді қолдамаймын. Ал жануарларға обал. 

Мен қоғамдағы кез келген қатыгездіктің жазасын беріп, соттау керек деп санаймын. Әйтпесе, біз барлық техникалық жетістігімізге қарамастан қайтадан варварлық өмірге ораламыз", - деді

Айта кетейік, интернетте Африкада аң аулайтын сафари туралы ақпарат бар. Құны тәулігіне 550 доллардан (230 мың теңгеден астам) басталады.




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 09:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31