Мәселе

Қазнетте мұғалімнің атынан хабарлама тарады

  • https://stopfake.kz/

    https://stopfake.kz/

Қазнетте қарағандылық жоғары санатты дәрігер және кафедра меңгерушісі жазған аудиожазба таратылуда деп хабарлайды stopfake.kz.

 

Онда «Спутник-V» вакцинасын клиникалық сынаудың үшінші кезеңі биылғы жылдың мамыр айында ғана басталғаны, яғни әлі аяқталмағаны туралы айтылған.

 

Сондай-ақ, хабарлама авторы вакциналар бедеулікке әкеледі және денсаулыққа қауіпті деп мәлімдейді. Бұл жалған.

 

Қарағандыда бір ғана медицина университеті бар. Тиісінше, кафедра меңгерушілері жоғары санатты дәрігерлер сонда ғана жұмыс істейді.

 

Алайда, Қарағанды медицина университетінің баспасөз қызметі қызметкерлердің ешқайсысы мұндай мәлімдеме жасамағанын хабарлады.

 

– Қолданушылардың бірі аудиожазбаны кафедра меңгерушісі жазған деп айтқан. Бірақ ол біздің университеттен емес, – деп хабарлады ҚМУ баспасөз қызметі.

 

Хабарламаның мәтінінде де жалған мәлімдемелер бар.

 

Біріншіден, «Спутник-V» вакцинасын клиникалық сынаудың үшінші кезеңі автор айтқандай 2021 жылдың мамыр айында емес, өткен жылдың 7 қыркүйегінде басталған.

 

Оның қорытындылары 2021 жылғы 2 ақпанда жарияланып, бүгінде баршаға қолжетімді.

 

Олар вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.

 

Екіншіден, COVID-19 қарсы вакциналар, атап айтқанда «Спутник-V», бала туу қабілетіне әсер етеді деп айтуға негіз жоқ. Вакцинация бедеулікке әкелуі мүмкін деген қауесетті препаратты әзірлеушілердің өздері де, Қазақстан, Ресей және басқа елдердің жетекші мамандары да жоққа шығарды.

 

Олардың барлығы мұндай қорқынышқа негіз жоқ және вакциналар құрамында адамның репродуктивті жүйесіне әсер ететін компоненттер жоқ деп мәлімдеді.

 

 

 

 

 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 17:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30