Мәселе

Қазір дүниеде не болып жатыр?

  • Қазір дүниеде не болып жатыр?

    Қазір дүниеде не болып жатыр?

Әлемнің көптеген елдері короновирус дертінің таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдай енгізіп, шекараларын жауып алды. Өндіріс орындары, дүкендер, басқа да қызмет көсрететін мекемелер жұмыстарын тоқтатты. Адамдар үйлеріне қамалып, тек дүкеннен азық-түлік әкелу үшін ғана шығатын болды. Бұрын-соңды болмаған барша әлемді қамтыған бұл оқиға туралы қазір кереғар екі түрлі пікір бар. Біреулер шынымен де жұқпалы дерт бар, одан сақтанудың жалғыз жолы оқшаулану десе, екіншілері бәрі алаяқтық жоба, әлдекімдер адамзат баласына қарсы арамза пиғылдарын жүзеге асырып жатыр дейді.

 

Билл Геитстің мәлімдемесі

Ютуб сервисінде 2015 жылы Батыстың алпауыт байларынан құралған клуб мүшелері алдында сөйлеген Геитстің әңгімесі жарияланды. Гейтс үлкен экрандағы слайд арқылы жиналғандарға әлденені түсіндіріп жатыр. Оның айтуынша, әлем үшін ең үлкен қатер – ядролық соғыс емес, вирус екен.

Гейтс мамандардың көмегімен жаңа вирус жасап жатқандығын, ол адамның миындағы Жаратқанға деген сенім мен үмітін жоятындығын және адамзат баласының санын қажетті мөлшерге дейін түсіріп, реттейтіндігін баяндайды. Оның айтуынша, жер шарындағы барша халықтың 2 пайызы – Құдайға қатты сенетін пірадарлар екен. Адамзаттың өркендеуіне кедергі келтіріп отырған да

солар көрінеді. Геитстің мамандары жасап шығарған вирус адам миындағы Құдай гені деп аталатын генді өлтіріп, жояды. Сонда әлгі 2 пайыз пірадарлар қалыпты адамдарға айналады.

Қалыпты адам дегеніміз кім? Олар Құдайға сенбейтін, арақ-шарап ішіп, зина жасайтын, яғни күнадан қорықпайтын пенделер. Адамзаттың өркендеуіне үлкен серпін беретін де сондай жандар дейді Геитс. Сонымен бірге, ол ұйымдастырған зертханада қазір шектен тыс көбейіп кеткен адамзат баласының санын қысқартып, қалыпты нормаға түсіруге көмектесетін вирус та дайындалып жатқан көрінеді.

Бұл вирустарды адамдарға тарату егу арқылы жүзеге асырылмақ. Яғни, бүгінгі короновирус атты үлкен шоудың мақсаты, адамдардың үрейін ұшырып қорқыту, сөйтіп, болашақ өз жоспарларын жүзеге асыруға дайындау. Көп ұзамай Геитстің зертханасы короновирусқа қарсы вакцина ойлап табады да, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен барша адамзатқа мәжбүрлеп егеді. Ал егілген адамдардың миындағы Құдай гені аталған ген жойылып, дінсізге айналуы немесе көбінің қырылып, жер шарындағы шектен тыс көбейіп кеткен адамдардан азайтуға көмектесуі қажет. Жоспар осындай.

 

Гейтске қарсы петиция қабылдауда

АҚШ мемлекетінде бір топ белсенділер Геитстің арамза пиғылын баршаға жариялап, оны тоқтату мақсатында көп адамдар қол қойған петиция ұйымдастырды. Оған қол қоюға, сөйтіп, адамзат баласына төніп тұрған қатерді жоюға атсалысуға әрбір адамның мүмкіндігі бар. Ол үшін әлгі сайтқа кіріп, өз аты-жөніңізді, тұрғылықты орныңызды көрсетіп, қолдайтыныңызды білдірсеңіз болғаны.

Өкініштісі сол, астыртын жүргізіліп жатқан адамзатқа қарсы осындай зымиян әрекеттен адамдардың көпшілігі мүлдем хабарсыз және қынжыларлығы – көп адамдар мұндай жайға мүлдем сенбейді. Олардың саналарын мемлекеттік ресми БАҚ улап алғаны соншалық, олар қазір жүргізіліп жатқан короновирус атты спектакльге құдайдай сенуде.

Енді мынаған назар аударыңыз: короновирус дерті бүгін бірінші рет болып тұрған жоқ. Күні кеше әлеуметтік желіде 2003 жылы шыққан «Степногорский вестник» атты Ақмола облысындағы Степногор қалалық газетінде жарияланған короновирусқа қатысты мақала дәлел. Сол тұста бұл дерт Қытай аумағынан шығып (тағы да Қытай) әлемінң біраз елдеріне таралғаны, қауіптілігі туралы жазылған. Дегенмен, ол кезде ешқандай ел қазіргідей карантин енгізіп, шекараларын жапқан жоқ болатын. Соған қарамастан, короновирус қазіргі сарапшылардың айтқанындай, барша әлемге жайылып, адамзатты шыбындай қырған жоқ.

Енді мынаған көңіл бөліңіз: Белорусь мемлекетінің басшысы Алдександр Лукашенко короновирусқа қарсы өзіндік шара қолдануда. Бұл ел шекарасын жапқан жоқ, ешкімді күштеп үйіне қамап, маска тақтырған жоқ, барлық мекемелер мен кәсіпорындар қалыпты жұмыс жасауда, ол аз десеңіз фудболдан ел чемпионаты кестеге сай өтуде. Яғни, мыңдаған адам стадиондарға барып, фудбол көреді. Қызығы сол, егер сарапшылардың айтқандарына сенсек, карантин енгізбеген, ашық-шашық жатқан Белорусь елінде короновирус дерті жаппай тарап, халық шыбынша қырылуы тиіс болатын. Жоқ, олай болмады. Қазіргі көрсеткіш бойынша елде 4 мыңнан астам адам осы дертпен ауырып, 40-ы қайтыс болған. Ал адамдарды үйлеріне қамап тастаған басқа елдердегі көрсеткіш бұдан әлдеқайда жоғары. Сонда бұның себебі неде? Короновирус дертіне орай жасалып жатқан шаралардың астарында не бар екендігін көп ұзамай бәріміз білетін боламыз. Тек ол кезде тым кеш қалып, өкініштен бармағымызды шайнап жүрмесек болғаны.

 

akikat01.com




Көрілген: 828    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 16:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30