Мәселе

Қазір Қытайда мұсылмандарға арналған 400-ге жуық түрме мен лагерь бар

  • Қазір Қытайда мұсылмандарға арналған 400-ге жуық түрме мен лагерь бар

    Қазір Қытайда мұсылмандарға арналған 400-ге жуық түрме мен лагерь бар

2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың шілдесіне дейін 61 нысан салынып, кеңейтілген.

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында мұсылмандарға арналған 380-нен астам түрме мен лагерь бар екендігі анықталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы, Австралия стратегиялық саясат институтына (ASPI) сілтеме жасап.

Талдау нәтижесінде, Шыңжаңдағы нысандар туралы ең толық мәліметтер базасы жасалды. Олардың ішінде 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «қайта тәрбиелеу лагерлері» деп аталатын тергеу изоляторлары мен түрмелер ескерілген. Зерттеушілер жерсеріктік түсірілімдерді талдаудың көмегімен мәліметтер базасын құрып, оларды картаға түсірген.

Қашқар қаласындағы бұл қайта даярлау орталығы бастапқыда мектеп ретінде салынған. 2017 жылы басталған қуғын-сүргін кезінде ол ауқымды оқу орнына айналдырылып, 2018 жылдың аяғы мен 2019 жылдың басында үгіт-насихат қызметінде кеңінен қолданыла бастады. Жақында ол толығымен залалсыздандырылған. Спутниктік түсірілім нысанның пайдаланудан шығарылғандығын болжайды.

Соңғы жылдары Қытайдағы ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарға арналған лагерьлер саны азаймай, керісінше, көбейген көрінеді. Келтірілген деректерге сүйенетін болсақ, 2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың шілдесіне дейін 61 нысан салынып, кеңейтілген.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Қытай үкіметінің мұсылмандарға жүргізген саясатын «геноцид» қатарына жатқызу мүмкіндіктерін қарастырып жатқандығы туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, бұған дейін ұйғыр эммигранттарының бір тобы Халықаралық қылмыстық сотта геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар туралы айыптау аясында Қытай басшылығына қарсы тергеу жүргізбек болған.

Атап айтқанда, Қытайға Камбоджа мен Тәжікстаннан мыңдаған ұйғырларды елге қайтару әрекеттері туралы мәселе көтерілді. 80 парақтан тұратын заңгерлердің мәлімдемесінде мұсылмандарға қарсы қылмыстық науқанға жауап беретін 30-дан астам қытайлық шенеуніктердің тізімі келтірілген. Бұл тізімге мемлекет басшысы Си Цзиньпин де енген болатын.




Көрілген: 1268    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31