Мәселе

ҚазҰУ-дегі жер дауы: Бас прокуратура жаңа деректер жариялады

  • ҚазҰУ-дегі жер дауы: Бас прокуратура жаңа деректер жариялады

    ҚазҰУ-дегі жер дауы: Бас прокуратура жаңа деректер жариялады

ҚР Бас прокуратурасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер учаскесіне қатысты тың мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Бас прокурорының міндетін атқарушы Берік Асыловтың мәліметінше, Алматы қаласы əкімдігі 2012 жылдың 30 қаңтарында университетке алаңы 73,26 гектар жер учаскесін тұрақты пайдалануға құқық берген.
Ал 2017 жылдың 2 қазанында қала əкімдігі аталған учаскенің шекарасын түзеткен, жаңа қаулыда жердің алаңы 1,8 гектарға азайтылған. 

"Учаскенің азайтылған бөлігінің 0,74 гектары "Omirex" ЖШС-ның, 0,56 гектары коммуналдық қызметтердің ("Алматы Су" МКК, "Алматы жылу желілері" ЖШС, "Қазпошта" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ") жəне 0,52 гектары Ш.Мұстафаевтың қарамағына өткен", - деді  Берік Асылов. 

Оның ішінде, Ш.Мұстафаевтың жер үлесі университеттің өндірістік үй-жайларын көпшілік сауда-саттықта сатып алу нəтижесінде пайда болған. Аталған жер учаскесінің заңдылығы расталған.

"Алайда Алматы қаласының əкімдігі Жер кодексінің 48 жəне 82-баптарын бұза отырып, "Omirex" ЖШС жерлерін (екі учаске, жалпы алаңы - 0,74 гектар) сауда-саттықсыз жəне оларға университеттің жер пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін берген. Анықталған бұзушылықтарды құқықтық бағалау бойынша өкілеттік Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетіне жататынын ескере отырып, 2021 жылдың 19 наурызында Алматы қаласының прокуратурасы олардың мекенжайына тиісті тексеруді ұйымдастыру туралы хат жолдады", - деді Берік Асылов.

Еске сала кетсек, ҚазҰУ-нің жері сатылып жатыр деген мәселені қоғам белсенділер көтерген болатын. 

Сондай-ақ, аталған мәселеге қатысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев түсініктеме берген болатын. 

Кейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те аталған университет жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі расталғанын айтты.




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 13:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31