Мәселе

Келер жылы Алматыда медициналық көмекке бөлінетін қаражат бір жарым есе артады

  • Келер жылы Алматыда медициналық көмекке бөлінетін қаражат бір жарым есе артады

    Келер жылы Алматыда медициналық көмекке бөлінетін қаражат бір жарым есе артады

2020 жылы міндетті сақтандыру енгізілгеннен кейін Алматыда медициналық көмекке бөлінетін қаражат көлемі 1,5 есе артады. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Атап айтқанда, қалпына келтіруге бағытталған ем-дом мен паллиативтік көмекке жұмсалатын қаржы көлемі 7,5 есе, консультативтік-диагностикалық көмек – 6,7 есе, стационарды алмастыратын көмекке жұмсалатын қаржы – 2,3 есе артады», – деді Е. Біртанов.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде Алматы тұрғындарының 95,7% сақтандыру жүйесімен қамтылған (халықтың кем дегенде 80% қамтылуы тиіс). Қалған тұрғындар өз бетінше жарна төлеп медициналық сақтандыру жүйесіне қатыса алады. Жарнаны алдағы уақытта жеткізуші медицина мекемелеріне орнатылатын терминалдар арқылы төлеуге болады.

МӘМС жүйесін енгізуге техникалық дайындық жоғары деңгейде деуге болады: Алматыдағы барлық медицина ұйымдары компьютермен жабдықталған, мемлекеттік емдеу мекемелері толығымен қажетті ақпараттық жүйелерге қосылған. Бүгінде жеке меншік клиникаларда ақпараттық жүйелермен қамту деңгейі 66% құрап отыр және алдағы уақытта бұл көрсеткіш едәуір артады деген болжам бар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық бағытында ауқымды жұмыс атқарылған. Нормативтік-құқықтық база жасалып, үш деңгейлі медициналық көмек жүйесі бекітілді, міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге қажетті ақпараттық жүйелер іске қосылды. Қазірдің өзінде Қор келісімшарттар мен қосымша келісімдерді автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін функционалды қолданысқа енгізді. Биылғы тамыз айынан бастап жекелеген құжаттарға ЭЦҚ көмегімен қол қойылып жатыр. Ондағы мақсат – медициналық қызметтерді сатып алу жұмыстарының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету және жемқорлық фактілерінің алдын алу.

«Жыл соңына дейін барлық медицина ұйымдарының ақпараттық жүйелері медициналық қызметті қос пакет негізінде көрсетуге және сақтандыру мәртебесі туралы мәліметті Қордан тікелей алуға дайын болуы тиіс. Себебі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу барысында ақпараттық жүйелердің атқаратын рөлі зор», – деп қосты министр.

Кездесуде алматылықтар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі де сөз болды. Сауалнамаға сәйкес, соңғы кезде оңтүстік астанада сақтандыру жүйесі жайлы естіген тұрғындар саны 60% дейін артқан.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда Қазақстан халқының 90 проценттен астамы МӘМС жүйесімен қамтылған. Медициналық сақтандыру қорына бүгінгі күнге дейін 222 млрд теңгеден астам қаражат жинақталды.

 




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

жұма, 01.11.2019, 17:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30