Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Келінге "Барселона" мен "Баварияға" сәлем салдырды: Белгілі актер жұрттың ашуына тиді (видео)

23 тамыз 2020, 15:42

Әлеуметтік желіде беташар кезінде жас келінге футбол клубтарына сәлем салдырған жас актердің әрекеті тарап, көпшіліктің ашуын туғызды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Видеоны Facebook әлеуметтік желісінде Қуаныш Рахметоллаұлы Смағұл есімді оқырман жариялады.

 

Кадрдан танымал жайдарманшы, "Қармақшы" құрамасының капитаны Жандос Самалбековтің беташар кезінде жаңа түскен келінге футбол клубтарына сәлем салдырғанын байқауға болады.

 

"Бірі білсе, бірі білмейді. Футбол әлемінде Елдар (күйеу жігіт - ред.) "Барселона" клубына жанкүйер екен. Сол үшін "Барселонаның" құрметіне екі сәлем, "Баварияның" құрметі үшін сегіз сәлем", - деді ол.

 

Бұны көрген желі оқырмандары актердің бұл әрекетін салт-дастүрді сыйламау деп бағалады.

 

"Салт-дәстүрді мазақ қылғаны несі", "Беташарды бұлай мазақ қылуға болмайды", "Ұят", "Масқара", "Қазақтың қастерлі дәстүрін, жаңа түскен келінді, ата ананы мазаққа айналдырып тұрған жетесізге жел беріп күліп тұрған өресі төмен ортаға не деуге болады? Күлкі емес, қасірет қой мынау! Сырт адам не ойлайды? Айтарға сөзім жоқ!", "Беташар жарықтықтыңда сүйкімі кеткен екенғой... Келінге келген жерінің әулетін таныстырып,өсиет айтушы еді. Барселонада бастарың қалғырлар-ай", - деп ашуланды олар.

 

 

Айта кетейік, чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавария" Кике Сетьен жаттықтырған каталондық клубтың қақпасына сегіз гол соқты, жалпы есеп: 2-8.

 

Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Барселонаның" бас бапкерін сынға алғандар еселене түсті. Олар жеңіліске кінәлілердің бірі жаттықтырушы деп санады.

Ақырында Кике Сетьен қызметінен кетіп, оның орнына футболдан Нидерланды ұлттық құрамасының бас бапкері болған Рональд Куман келді.