Мәселе

Кеншілер «АрселорМиттал Теміртау» басшылығына 12 талап қойды

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының мәселесін шешу үшін келісім комиссиясы өз жұмысын бастады. Оны өңір басшысы Жеңіс Қасымбек басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«АрселорМиттал Теміртау» барлық шахталарының қызметкерлері «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығының алдына өз талаптарын қойып отыр.

 

Осыған байланысты кеншілердің мәселелерін қарау үшін келісім комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына компания басшылығы, мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың және әр шахтаның бастамашыл жұмысшылар тобының өкілдері кірді.

 

«Қазір еңбек ұжымдарын толғандыратын бірқатар проблемалар бірінші орынға шықты. Біз бастамашыл топпен бірге компания басшылығымен талқылағымыз келетін мәселелер тізімін құрдық», деді «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев.

 

Ол 12 тармақтан тұратын сұрақтар тізімін атап өтті. Олардың арасында еңбекақыны көтеру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шахталарды материалдық-техникалық жабдықтау бар.

 

«Біз «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша маңызды әділ шешімдер қабылдауымыз керек. Біз бәріміз кәсіпорындарымыздың тұрақты және қауіпсіз жұмыс істегенін қалаймыз. Ең алдымен қызметкерлердің мүдделері ескерілуі тиіс», деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

 

Еске сала кетейік, 7 қарашада «Абай» шахтасында кенеттен метан тарап, нәтижесінде 6 кенші қаза тауып, екеуі зардап шеккен болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 11:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31