Мәселе

Кентауда ереуілге шыққан зауыт жұмысшылары президентке үндеу жолдады

  • Кентауда ереуілге шыққан зауыт жұмысшылары президентке үндеу жолдады

    Кентауда ереуілге шыққан зауыт жұмысшылары президентке үндеу жолдады

Кентаудағы трансформатор зауытының жүзге тарта жұмысшысы ереуілге шықты. "Жалақыны көтерсін" деп талап қойғандар әлеуметтік желі арқылы президентке үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ҚР Президенті! Түркістан облысы Кентау қаласында «Кентау трансформатор зауытының» жұмысшылары айлығын көтеріп беруді талап етеді. Талап етеміз! Талап етеміз!", - деді жұмысшылар.

 
Ауыр жұмысқа жегілгендер айына 60-130 мың теңге аралығында жалақы алады екен.

"Соңғы уақытта табысымыз тіпті төмендеп кетті", - дейді жұмысшылар.

Өйткені еңбек демалысы мен сырқаттанған жағдайда берілетін өтемақыны толық бермей, сенбі-жексенбі және мереке күндері де жұмысқа жегеді екен.

"Қысым жасайтын басшылардан әбден зәрезап болдық" дегендердің бүгін шыдамы таусылған. Сондықтан кәсіпорын ішінде ереуілдетіп, жұмысты тоқтатып тастаған. Осыдан кейін ғана қателігін түсінген зауыт басшылары наразы топпен келіссөзге келген. "Айлық көтеріледі"дегенді естіген жұмысшылар жұмысқа қайта кірісті.

"Талаптарын мойындаймын. Оны өзіміздің, өз қателігіміз деп түсінеміз. Айлықтарын кішкене көтереміз. 120 мың теңге болса, шамамен 150 теңгеге дейін көтереміз. Ереуілге шыққан кісілермен сөйлесіп, келісіп, сағатпен  тариф мөлшерін көтеріп, қазір орнына келтіріп береміз. Ешкімді қудаламаймыз. Ондай бізде ешқашан болған да емес", - деді Кентау трансформатор зауыты АҚ басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев.




Көрілген: 2510    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 02:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты
    28 Наурыз, 21:45
    Алматы жабыла ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30