Мәселе

"Керек десең, тізімде жоқпыз": Арыстықтар 100 мың теңгенің бір тиынын да көрмедік деп ашуланды

  • "Керек десең, тізімде жоқпыз": Арыстықтар 100 мың теңгенің бір тиынын да көрмедік деп ашуланды

Жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарына 100 мың теңге көлеміндегі өтемақы қашан берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz өңірдегі тілшісі.


Күні кеше үкімет басшысы Асқар Маминнің Арысқа жасаған жұмыс сапары кезінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қазіргі таңда өтемақы төлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. Айтуынша, барлық құжат жиналып қойған. ІІМ базасымен тексеріліп расталған. Басым көпшілігінің бір реттік карточка рәсімдеуі үшін есепшоты ашылып, қазіргі таңда кәмелет жасына толмағандарға төлем карточкасын рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.


«Төлем карточкалары 5 тамыздан бастап таратылатын болды», - деді Өмірзақ Шөкеев Арыста Асқар Маминнің қатысуымен өткен жиында.


Ал Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек төлем карточкаларын тарату 5 тамыздан басталып, бір апта жүргізіледі деп отыр. Қаржы барлық тұрғынға бір сәтте, яғни, 12 тамызда аударылады.


Алайда Арыс тұрғындары билік құрғақ уәдемен тойдырып отыр ма деп алаңдаулы.


«Бізге жарылыстан кейін бір ай өткен соң береді деді. Құжаттарымызды тапсырдық. 24 шілдені күттік, кейін айтты 29-ына беріледі деп. Оны да күттік. Жоқ, ешбіріміз әлі алмадық оны. Керек десеңіз, естіп жатырмыз, кейбір тұрғындар тізімнен өздерін таппай жатыр екен. Мекенжайы бойынша бірі Қостанай, енді бірі Арқалық тұрғыны болып шыққан. Бұлар ақша аудармау үшін осылай әдейі жасап отыр ма?» деп ашуға булықты тұрғындар.


Айта кетейік, шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Түркістан облысының әкімі арыстықтарға өтемақы шілде айының соңына дейін таратылатынын айтқан болатын. Алайда тамыз айы келіп жетсе де, Арыстың ешбір тұрғыны әлі бір тиын да алмаған.




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.08.2019, 10:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31