Мәселе

"Керек емес, бәрі бар": Көпбалалы отбасыдан шыққан оқушы көмек туралы ұсынысты естіп, жылап жіберген

  • "Керек емес, бәрі бар": Көпбалалы отбасыдан шыққан оқушы көмек туралы ұсынысты естіп, жылап жіберген

Белгілі тележүргізуші, депутат Дана Нұржігіт көпбалалы отбасыдан шыққан баланың мектепте көмек туралы ұсынысты естіп, бас тартып, жылап жібергенін айтып берді. Бәрі үйдегі тәрбиеден деген журналист намысшыл ата-ананың балалары да намысшыл болып өсетінін жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.


Дана Нұржігіт Instagram желісіндегі жазбасында Мақпал Сүлейменова есімді 5 баланың анасымен танысқанын айтты. Ол көпбалалы анадан үлгі алуға шақырды.


"Кеше ойда жоқта танысқан Мақпал Сүлейменованың 5 баласының біреуі менің ұлыммен жасты екен. Мектепте мұғалім: "Сен көп балалы отбасынан екенсің, сендерге киім, тамақ, жалпы, көмек керек пе? Айт!" - десе, үйге жылап келіпті. "Анашым, біз сізге көмек керек деп айттық па? Мектеп бізге киім, тамақ береміз деп жатыр. Керек емес деңіз! Бізде бәрі бар. Ұят болады", - деп намыстанып жылапты бала.


Ол неге осыншама намысшыл? Өйткені ата-анасы намысшыл! Бәрі үйдегі тәрбиеден", - деп жазды журналист.


Дана Нұржігіттің айтуынша, бес балалы ананың Нұр-Сұлтан қаласына көшіп келгеніне бір жыл болыпты. Бүгінде медбике болып жұмыс істеп жүрген Мақпал сонымен қатар қосымша кішкентай балаларға массаж жасап табыс табады екен.


"Мақпалдың сөзінше, жұмыс істеймін деген адамға, "екі қолға бір күрек" қашан да табылады. Содан соң намыс жібермейді, дейді. Өзім жетпеген армандарға балаларым қол жеткізсін деп жолдасымыз екеуміз еңбектеніп жүрміз, дейді көпбалалы ана", - деп түйіндеді депутат.




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 13:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31