Мәселе

«Кешірім сұраймын»: коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан әйел бірнеше жылға сотталуы мүмкін

  • «Кешірім сұраймын»: коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан әйел бірнеше жылға сотталуы мүмкін

    «Кешірім сұраймын»: коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан әйел бірнеше жылға сотталуы мүмкін

Жатақханадан студенттерді шығарып, бос орындарды карантинге алғандарға дайындап жатқанын көзімен көргенін де айтқан.

Балқашта коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қала тұрғыны медициналық колледждің жатақханасын "кесел жұқтырған" 300 адам орналастырылатыны жайлы ватсап желісі арқылы айтқан, деп мәлімдеді КТК арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазір коронавирус күдігі бар 300 адамды осында әкелгелі жатыр. Бұл жер шағын, кішкентай, қырылып қалса, ешкім білмейді, ешкімнің ештеңесі кетпейді депті", - делінген аудио хабарламада.

Бұл ақпаратты қала тұрғыны колледжде оқитын қызын алып кетуге барғанда естіпті-мыс. Жатақханадан студенттерді шығарып, бос орындарды карантинге алғандарға дайындап жатқанын көзімен көргенін де айтқан. Аталған ақпарат желіде желдей есіп, онсыз да үрей құшағында жүрген жұрттың есін алды. Полиция ақпарат таратушы тұрғынды оңай анықтап, қылмыстық іс қозғады. Енді ол ірі көлемде айыппұл арқалауы немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қала тұрғыны болса, шындыққа жанаспайтын ақпаратты ойдан құрастырғанын айтып ағынан жарылып отыр.

"Ақпарат расталмады. Мен өсек-аяңға сеніп, қорқынышқа бой алдырғандықтан, бұл ақпаратты бүкіл елге жайдым. Осы әрекетім үшін кешірім сұраймын", - деп жылады ол. 




Көрілген: 859    Пікірлер: 0

сенбі, 14.03.2020, 12:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31