Мәселе

"Кет, қазақша сөйлеме". Елордада қазақша қызмет етуді сұраған қарияны күзетші итеріп жіберген (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Тіл майданы қозғалысы Нұр-Сұлтан қаласындағы дүкендердің бірінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұраған қарияны күзетші "арандатушысың" деп итеріп жібергенін хабарлады деп жазады qamshy.kz тілшісі.

 

Жарияланған видеодан қарияның "мен қашан мына жерде мемлекеттік тілде қызмет алам, айтыңызшы? Сіз неге мені қуасыз? Қазақстанда қазақша сөйлеуге болмай ма?", "мені күзетші арандатушысың деп итеріп жіберді, өзі бір сөз (қазақша - ред) білмейді, мына жерде қалай жұмыс жасайды, мені неге итереді" деген ашынған даусы естіледі.

 

 

Қамшы порталына пікір білдірген Тіл майданы қозғалысының жетекшісі Қуат Ахметов видеоны Байтас есімді көзі 10 пайызға ғана көретін елорда тұрғыны түсіргенін жеткізді.

 

Оның айтуынша, қария дүкенге сүт сатып алуға кірген. Қазақша қызмет көрсетуін сұрағанында күзетші "арандатушысың" деп итеріп жібергендіктен, ызаланып телефонының камерасын қосып, жағдайды видеоға түсіре бастаған.

 

Қуат Ахметов Қазақстанда қазақша сөйлейтін азаматтардың тұтынушы ретіндегі құқығы жиі бұзылатынын айтып, қозғалыс сондай оқиғаларға тап болған азаматтарға құқықтық тұрғыдан қолдау білдіретінін мәлім етті. Сөзінше, қозғалыс қазақша қызмет көрсетпеген мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарды, кәсіпкерлік нысандарды сотқа беріп, жәбірленушілердің құқығын қорғаумен айналысады.

 

Қазақша қызмет ала алмай, дискриминацияға ұшыраған азаматтар болса, қозғалыстың whatsapp номері  – 8707 404 66 48-ге хабарласуға болады.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 19:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31