Мәселе

Кей елдің қойшысына дейін бізден озып тұр

  • Кей елдің қойшысына дейін бізден озып тұр

    Кей елдің қойшысына дейін бізден озып тұр

Австралия туралы бәріміз білеміз. Онда төрт түлік мал саны бүкіл Австралия тұрғындарынан көп. Ет экспортынан түсетін кірісі біздің мұнайдан алатын табысымызбен пара-пар. 


Ал сол Австралияның жері мен климаты соншалықты мал шаруашылығына қолайлы емес қой? Ендеше неге олардың мал экспорты біздікінен асып түседі? 


Мен осыны түсінбей, көп ойландым. Жауабын көп іздедім. Тапқандаймын. Тым болмаса бес пайызын. Айтып көрейін. 


Қазақстанда «қойшы», «қойшы ауыл», «ферма» дегенді естігенде нені елес­тетесіз? Жасыратыны жоқ, «қойшы» десе, ең төменгі, ешкімге қадірі жоқ, көбінесе білімсіздеу, өркениеттен қалып қойған адам мен оның «қап-қара, кір-қожалақ» әйел-бала шағасы еске түседі. Ал «қойшы ауыл» десе, суды құдықтан алатын, жыңғылдан, сымнан, жақсы дегенде балшық қыштан жасалған атам заманғы мал қора, 3-4 бөлмелі, баяғы кеңестік үлгіде жасалған үй көзге елестейді. Есік алдында – ескі көлік қаңқалары мен қалдықтары. Ары кетсе бір-екі қара тал, олардың да діңі қурап кеткен. Есік алдында, онда да кейбіреулерінде ғана, 5-6 тауық жүреді. Ал ол отар-отар қойдың иесі – айына-жылына бір-ақ рет баратын үлкен бір дөкей.


Шамалап алғанда, біздің қойшы ауылдардың кескіні осындай болып келеді және де «қойшының баласы», «қойшы ауылда өскен» деген сөз тіркесі бізге негативті, ұятты естіледі, намысты оятады. Келісе­сіздер ғой? 


Енді Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Шотландия сияқты ірі мал етін экспорттайтын елдердің «қойшылары» мен «қойшы ауылдарын» елестетіп көріңіздерші? 


Біріншіден, ол жақта қойшы ауыл (ранчо), қойшы болу сені төменгі тап етпейді. Керісінше, үлкен өнер иесі, академиялық білімі бар тұлға қатарына жатқызылады. Екіншіден, сонша малы бола тұра ескі лашықта, майы шыққан көрпе-төсекті пайдаланбайды. Екі қабатты, бар жағдайы жасал­ған заманауи үлгідегі үй салып алады. 


Айтсаң, намысың келеді, бірақ айтпасқа болмайды: Олардың малға арналған қоралары мен техникалық қамтылуы біздің қойшылардың тұратын үйлерінен әдемі, көрікті, жайлы. Сосын ол ранчо иелері «мен қойшымын» деп күні-түні мал соңында жүре бермейді. Агрошаруашылыққа арналған журналдар оқиды, конференцияларға қатысады, басқа ранчомэндермен тәжірибе алмасады, экономикалық жаңалықтар оқиды. (Қай елдерде етке сұраныс көп, ақша кім көп төлейді, білу керек қой). Бизнес серіктестер іздейді. Үздіксіз дамып отырады, шаруашылығын да дамытып отырады. Техникаларын жаңартып, асылдандыруды тездетіп, екпе егуді, шөп құнарын, құрамын тексертуді, эксперттермен кеңесуді ұмытпайды. Қойшымын деп қалай болса солай киініп жүрмейді. Өзімен қоса әйел-бала шағасын да киіндіріп, ел аралап жүреді. Біздегідей бір есек әперіп, 60 мыңын беріп қойып, ішкіш қойшыны жалдап отыра бермейді. Жылқы, ит, мотоцикл, күннен баламалы энергия, диірменді су шығару, автоматты суғарылу – бәрін озық үлгіде жасайды. 


Біздегілер өз облысына ай сайын 30-40 қой сатып, әр қаладан пәтер алып, оны жалға беріп, есепсіз ет жеп, бір рет құран оқытып қойғанына мәз. Меніңше, біздегі ауыл шаруашылығының дамымай тұрғанының басты себебі болмаса да, 15 пайызы осындай қасиеттеріміздің кесірінен дамымай тұрғандай. 


Дәурен ЖҮНІС.


www.zamana.kz




Көрілген: 2217    Пікірлер: 0

сенбі, 03.08.2019, 13:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31