Мәселе

Кейбір ЖОО министрлік жүргізетін тексеруге кедергі жасауға тырысады - БҒМ

  • Кейбір ЖОО министрлік жүргізетін тексеруге кедергі жасауға тырысады - БҒМ

    Кейбір ЖОО министрлік жүргізетін тексеруге кедергі жасауға тырысады - БҒМ

Кейбір жоғары оқу орындары бұзушылықтарды жасырып, БҒМ тарапынан жүргізілетін тексерулерге кедергі жасауға тырысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

«ЖОО-лар бұзушылықтарды анықтауды болдырмау үшін түрлі әрекетке барады. Мысалы:

- Білім туралы құжаттарды нострификациялаудың болмауына байланысты шетелдік студенттерді жаппай оқудан шығару. Университет бір бұйрықпен 800-ге жуық студентті оқудан шығарып, тексеру аяқталғаннан кейін қайта қабылдаған;

- Өзге оқу орындарында жұмыс істейтін оқытушылардың құжаттарын ұсыну. Кейбір оқытушылар басқа университеттерде жұмысқа тіркелгендерін өздері де білмеген мысалдар бар. Яғни, тексеру алдында университеттер оларды құжат жүзінде жұмысқа қабылдап, кейін жұмыстан шығарған;

- Жұмысқа орналастыру көрсеткішін белгіленген талаптарға сәйкестендіру үшін жоо-лар Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа түлектердің атынан ең төменгі төлем енгізген;

- Тексеру қарсаңында жоо-ның кітапхана қорын толықтырған және т.б», делінген хабарламада. Ведомство университеттер жиі жіберетін бұзушылықтарды атап өтті.

«Білім алушыларға пәндерді таңдауға мүмкіндік берілмеу;

Көптеген университеттердің магистратура мен докторантураға лицензия алып, ғылыми жобаларды жүзеге асырмауы;

Магистранттар мен докторанттарды педагогикалық және зерттеу практикасының базаларымен барлығы бірдей қамтамасыз етпеуі;

Жеке нормативтік құжаттарды формалды әзірлеу;

Оқу орнының материалдық-техникалық базасын жақсартуға көңіл бөлмеу және т.б»,  делінген хабарламада.




Көрілген: 1194    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 08:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30