Кейбір пойыздардың бағыты өзгерді

02 тамыз 2022, 17:21

"Жолаушылар тасымалы" АҚ кейбір жолаушылар пойыздарының нөмірлері мен қатынау бағыттарының өзгергені туралы хабарлайды, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан-Шымкент" бағыты бойынша:

 

1 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар күнделікті №86/85 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" пойызы;

 

1 қыркүйектен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент" күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы ашылады.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №71/72 пойыздың "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" бағытындағы қатынасы өзгереді.

 

"Атырау-Алматы" бағыты бойынша:

 

1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күн сайын қатынау кезеңділігімен №29/30 "Атырау-Алматы-2" коммерциялық пойызы;

 

3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 "Алматы-2-Атырау" пойызы күн сайын қатынайтын болады.

 

Басқа бағыттар бойынша:

 

5 қыркүйектен бастап №10/9 пойыздың "Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1" бағытындағы қатынасы өзгереді;

 

5 қыркүйектен бастап құрамында Тальго вагондары бар (стандартты вагондардың орнына) №73/74 "Алматы-2 – Жезқазған" жедел пойызы күнара жиілігімен жүреді;

 

3 қыркүйектен бастап №69/70 "Алматы-2-Өскемен-1" Тальго коммерциялық пойызы тоқтайды.

 

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуге болатынын атап өтті.