Мәселе

Кезек вице-министрге келді. Газ бағасын көтергендер ұсталып жатыр

  • Жұмабай Қарағаев / primeminister.kz

    Жұмабай Қарағаев / primeminister.kz

Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Telegram-дағы @yedilov арнасының жазуынша, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты ұстаған.

 

Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының негізсіз өсуіне қатысы шенеуніктер ұсталды. Олардың арасында аукционда айла-шарғымен айналысқан электрондық сауда алаңдарының басшылары да бар, — деп жазды автор.

 

Бірақ әзірге ресми органдар тарапынан ақпарат хабарланған жоқ.

 

Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Оның мемлекеттік қызметте және жеке секторда 21 жылдық еңбек өтілі бар. Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған. Атырау облысы мен қаласы әкімінің орынбасары, Мақат ауданының әкімі қызметін атқарған. 2019 жылы Энергетика вице-министрі болып тағайындалған.

 

Бұған дейін Маңғыстау облысында газ бағасын 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтергендерге байланысты тергеу жұмыстары басталған. ҚР Қаржы мониторингі агенттігі "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС басшыларын ұстаған болатын.

 

Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты тергеуді де бастап кетті. Мұндай 180 кәсіпкер бар.

 

 

 




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 19:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31