Мәселе

"Қимылдамасын деп ұстап тұрды": түркістандық әйел көрген азабы туралы айтты– видео

  • "Қимылдамасын деп ұстап тұрды": түркістандық әйел көрген азабы туралы айтты– видео

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап отыр. Түркістан облысында тұрғынның арызынан кейін аудандық аурухана дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.


27 жастағы Дана үшінші балаға аяғы ауыр екенін білгенде түсік жасатпақ болған. Өйткені екі баласын кесар тілігін жасату арқылы босанған. Сондықтан үшіншісін дүниеге әкелу қауіпті болыпты. Гинеколог оған түсік тастайтын дәріні 8 мың теңгеге сатып, екі күн өткен соң қайта келу керек екенін айтқан. Келіншектің айтуынша, қолындағы екі баламен барғанда, дәрігер ескертпестен аборт жасаған.




"Қатты ауырды, мен жыладым. Сонда да "шыда" деп, 15 минуттай тазалады. Санитаркалар мен қимылдамасын деп ұстап тұрды. Балаларым жылап қасымда болды", - дейді Дана Құршанбекова.


Жатыры мен ішегін жыртқан соң да дәрігер әйелді үйіне қайтарып жіберген. Дананың іші шыдатпай ауырып, үш күнде үш рет жедел жәрдеммен ауруханаға барған. Кейін сегіз сағат бойы ота жасап, жатырын алып тастады.


Қазір әйелдің ішегі сыртында жүр. Түтікшелер орнатылған. Дананың айтуынша, дәрігерлер денсаулығын ғана емес, тексерушілерге көрсететін мәліметтерді де бүлдірген.


"Жалған мәлімет жазып қойған. Жүкті болғанымды, түсік жасағанын жазбаған. Менде оны дәлелдейтін УЗИ қағаз бар", - дейді ол.

Болған жағдайдан кейін дәрігер өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Дананың туыстары төрт жарым ай бұрын құзырлы органдарға арыз берген.


"Іс қылмыстық кодекстің 317-бабы (медицина және фармацевтика жұмыскерінің тәртіптік міндетін тиісті орындамау) бойынша тексеріліп, қылмыстық іс қозғалған. Қазір қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалды", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

жұма, 22.11.2019, 11:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31