Мәселе

Климаттың өзгеруі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді – БҰҰ

  • Климаттың өзгеруі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді – БҰҰ

    Климаттың өзгеруі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді – БҰҰ

Климаттың жылдам өзгеруі қауіпті жағдайды алдын алуға мүмкіндіктерді азайтып отыр. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап қалу үшін бірінші кезекте «үлкен жиырмалық» елдеріне маңызды шешімдер қабылдау керек. Және бұл Шотландияда өтетін Климат бойынша конференцияға дейін жасалуы керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшы Антониу Гутерриш айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ-ның Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.
Қауіпсіздік Кеңесінің климат мәселелерін талқылуының өзі оның ғаламшардағы бейбітшілік пен оның тұрғындарының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін растайды. Адамдардың амандығы табиғат қорларына, суға және құнарлы жерлерге байланысты кезде климаттық өзгерістер салдарынан бұл қорлардың азаюы шиеленіске әкелуі мүмкін. Мысалы, Сомалиде құрғақшылық пен су тасқыны салдарынан адамдар егінсіз қалып отыр. Бұл жағдай азық-түлік үшін бәсекелестіктің тууына әкелді. Босқындардың 90 пайызы климаттық өзгерістерге төтеп бере алмайтын елдерден шығады. Ол босқындар көп жағдайда өздері де климаттық өзгерістерден зардап шегетін елдерге қарай қашады. Осыған байланысты Бас хатшы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалуға көмектесетін шараларды енгізуге шақырды.
ҚазАқпарат




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 14:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31