Мәселе

Кімдердің жәрдемақысы 367 мың теңгеге дейін өседі

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Қазақстанда Социалистік Еңбек Ерлері мен үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бірнеше есеге артады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Мұндай норма мәжіліс жұмысқа алған "Ардагерлер туралы" заң жобасында қарастырылған.

 

"Бұл заң жобасы Отан алдындағы әскери және азаматтық борышын атқарған Қазақстан ардагерлері мен азаматтарының құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау саласындағы мәселелерді реттеуге бағытталған. Осы заң жобасы ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санаты мәртебесін белгілеуді көздейді", - деді депутат, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова.

 

Заң жобасында соғыс ардагерлерінің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалардың мәртебесін белгілеу ұсынылған.

 

Сонымен қатар, басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік қимылдар атқарған ардагерлерді, Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындаған әскери қызметшілерді оларға жатқыза отырып, жеке санатына бөлу ұсынылады.

 

Заң жобасында ардагерлер үшін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шарасы қолға алынған.

 

"Құжатта Социалистік Еңбек Ерлеріне және үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін 138,6 АЕК-ке дейін (2020 жылы 367 мың теңге) арттыру көзделген", - деді ол.

 

Сондай-ақ, басқа мемлекеттердің аумағында соғыс қимылдарының ардагерлеріне 6,19 АЕК мөлшерінде (16,4 мың теңге) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы белгілеу ұсынылып отыр.

 

Комитет заң жобасы бойынша қорытындыны осы жылдың 24 маусымына дейін ұсынады.

 




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31