Мәселе

«Кінәлілерге қатаң шара қолданамыз» – Сапарбаев Жаңатастағы апат туралы

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

9 ақпан күні 20 мыңнан астам адам тұратын Сарысу ауданының әкімшілік орталығы &ndash Жаңатас қаласында орталық қазандық істен шыққан болатын. Апат салдарынан тұрғындар сусыз қалды.

 

Нақтырақ айтқанда, барлығы 92 көпқабатты үй және 40-тан астам бюджеттік мекеме жылудан ажыраған. Тек 11 ақпанда ғана жылумен қамту қайта қалпына келтірілген.

 

Жаңатас қаласының қазандығындағы төтенше жағдай Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кеңесте жан-жақты талқыланды.

 

Мамандардың айтуынша, техникалық ақау сапасыз отынды пайдалану салдарынан орын алған, сол себепті мазут шаруашылығы жүйесін толығымен тазартуға тура келді.

 

&ndash Үш күн бойы адамдар суық пәтерлерде және қызметтік кабинеттерде жұмыс жасауға мәжбүр болды. Бұл, ең алдымен, аудан басшылығының өзінің қызметтік міндеттеріне жауапсыз қарауынан орын алды. Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов қазандықта бір жарым айға жететін қажетті отын қоры бар екеніне сендірдген еді. Нәтижесінде отын қоры жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар, мердігер жеткізген мазут та пайдалануға жарамсыз болып шықты. Бұл орайда түрлі сұрақтардың туындауы заңды. Неліктен әкімдік күмәнді мердігермен жеткізу шартын жасасқан? Сапасыз отынды жеткізуге қатысты неге дер кезінде тиісті шара қолға алынбаған? Бұл мәселені құзырлы органдар қарауы керек. Кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қабылдайтын боламыз, &ndash деді аймақ басшысы.

 

Бердібек Сапарбаев қадағалау органдары қызметкерлерінің қатысуымен жедел комиссия құруды тапсырды. Бұл комиссия нақты кінәлілерді анықтап, оларды жазалау бойынша ұсыныстар енгізуі керек.

 

Кеңесте мазут жабдығынан бас тарту және Жаңатас қазандығына газтурбиналық қондырғы орнату туралы ұсыныс айтылды.

 

Осылайша ескірген жабдықтан құтылу және отын шығындарын азайту секілді екі мәселені бірден шешу мүмкіндігіне назар адуарылды. Бірақ бұл үшін алдымен сенімді инвестор табу қажет.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 2610    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 21:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30