Мәселе

Көбейтұз көлі адам денсаулығына қауіпті – мамандар

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Кейінгі бірер жылда елдің көзайымына айналған Көбейтұз жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Себебі, суда ауыр металдар шамадан тыс көп. Мәселен, кадмий, марганец, мыс, никель, қорғасын және хром бар екені анықталды.

 

«Ал, жағалаудағы топырақта бұл металдармен қоса мырыш та бар», - дейді мамандар.

 

Естеріңізде болса, былтыр көпшілік емге жақсы деп Көбейтұздан шықпай, тіпті қолынан келгені тұзы мен балшығын сатып, пайда тапқан.

 

Ал мамандар оның ешқандай емдік қасиеті жоқ екенін айтады. Дертке дауа болмақ түгілі, ағзаға зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан су айдынына баруға тыйым салынды.

 

Ал, Көбейтұздың ары қарайғы тағдырын Экология министрлігі шешпек.

 

Сырым Әбжіков, Ерейментау ауданы әкімінің кеңесшісі:

 

- Зерттеу нәтижесінде көл суындағы концентрациялардың жоғары мөлшері анықталды. Яғни, нитраттар 2 есеге артады. Амонимді азот 900 есеге артады. Аммиак 840 есеге артады. Нитраттар 18 есеге артады, хлоридтер 1150 есеге артады. Сульфаттар екі есеге артады және мышьяк 15,58 есеге артады. Шекті рұқсат етілген концентрация нормаларының артуына байланысты Көбейтұз көлі адам денсаулығына қауіпті.

 

 

 




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 17:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31