Мәселе

Қоғам белсенділері Шығыстағы екі ГЭС-тің жеке меншікке өтуіне үзілді-кесілді қарсы

  • Қоғам белсенділері Шығыстағы екі ГЭС-тің жеке меншікке өтуіне үзілді-кесілді қарсы

    Қоғам белсенділері Шығыстағы екі ГЭС-тің жеке меншікке өтуіне үзілді-кесілді қарсы

Өскемен және Шүлбі станциялары өткен жылдың соңында жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдар тізіміне енген, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

 
 Сол бойынша стратегиялық нысандарды бәссаудаға шығару биыл мамырдың төртіне белгіленген. Бірақ сол кезде өңірдегі тұрғындар қарсылық танытып, Президентке ашық хат та жолдаған. Осыдан соң қос нысанды жекешелендіру бойынша саудаға шығаруға шектеу қойылған.

Енді бәс сауданы өткізу қараша айына жоспарланды. Алайда аймақтағы белсенді топ жекешелендіруге әлі де қарсы. Екі ГЭС-тің жекешеленуіне қарсы жазылған ашық хатқа 10 мыңға жуық адам қол қойды. Онда гидротехникалық қос нысан жекенің қолына өтсе, халыққа келер зияны егжей-тегжейлі жазылған. Тіпті еліміздің кейбір өңірінде жекенің қолына өткен гидронысанда болған апатты да дәлел ретінде келтірген.

«Бұл өте күрделі технологиялық нысан. Сондықтан ол тек мемлекеттің қарамағында болуы шарт. Қадағалау құзіреті де мемлекетте болуы тиіс. ГЭС тен түскен судың мөлшері Ертіс өзенінің ағысына да әсер етеді. Ал Ертіс бойында Семей мен Өскемен сияқты екі ірі қала бар. Оған қоса қаншама егіс пен шабындық та осы Ертістен суарылады», – дейді қоғам белсендісі Денис Данилевский
Экологтар да стратегиялық нысанның жекеге өткенін қаламайды. Оның жаңа иесі экологиялық талаптарды сақтайды дегенге сенбейді. Ертіс өзеніндегі судың деңгейін реттеу мәселесіне қатыстысты да сауалдар көп. Егер ГЭС-тен артық су жіберген жағдайда 370 мың гектар алқап су астында қалу қаупі тағы бар. Ал нысан жекешеленсе, энергияның тарифі қалай болатыны да белгісіз?

 Өскемен мен Шүлбі ГЭС-і 1997 ден 2017 жылға дейін шетелдік компанияның басқаруында болған. Алайда нысанға қатысты мәміле халықаралық сотқа дейін жеткен. Істің соңында Қазақстан үкіметі соттасып жүріп мемлекет меншігіне қайтарып алған. Сондықтан қоғам белсенділері стратегиялық нысандардың тағы жеке қолға өтуіне қарсы.

 Энергетика мен Қаржы министрлігінің өкілдері ГЭС-тің неліктен жекешеленетінін ашып айтуға құлық танытпай отыр. Тек жазбаша ғана жауап берді. ҚР қаржы министрлігінің ресми жауабында: «Жекешеленген нысанда мемлекеттік үлес болғандықтан, алдағы уақытта басқару тиімділігін арттыру көзделген. Сондай-ақ ел экономикасынан осы нысанға жұмсалатын шығынды қысқарту көзделген. Ал тариф пен энергия тарататын ұйымдардың қызметі қадағалауда болады. Сондықтан насынды бәскелестік ортаға беру көзделеді» делінген.

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 10:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31