Мәселе

Қоғам белсендісі әмеңгерлікке келіскен жалғызбасты әйелдерге мемлекеттен сыйақы беруді ұсынды

  • Қоғам белсендісі әмеңгерлікке келіскен жалғызбасты әйелдерге мемлекеттен сыйақы беруді ұсынды

    Қоғам белсендісі әмеңгерлікке келіскен жалғызбасты әйелдерге мемлекеттен сыйақы беруді ұсынды

Қоғам белсендісі Төлен Рамазанұлы әмеңгерлікті заңдастырып, мемлекеттен жеңілдік жасауды ұсынды. Бұл қоғамда ажырасудың, жетімдікті болдырмаудың жолы деп санайды.

"Әмеңгерлік - жетімді жылатпау, жетімдікті болдырмау, жою жолы. Ағайын-туыстары әмеңгер болуы керек. Себебі, бала жаттың қолында өзін төмен ұстайтын болады. Өз ортасы, әкесінің ағасы, не інісі қамқор әке болса, бәрінен дұрысы сол. Сондай әмеңгерлікті үкімет қолдауы тиіс. Ұлт болып, бұл ұсынысты парламентке өткізу керек. 

 Әмеңгерлік салтына мойынсұнған отбасыға мемлекеттік қолдау болса, мысалы, көп балалы отбасына баспанасы болмаса дереу баспана берілсе, ауылды жерде тұрса көлікке жеңілдік берілсе, қоғамда жетімдер қараусыз қалмас еді”, – деп жазды Төлен Рамазанұлы. 

Қоғам белсендісі, жесір қалған әйел мен оның балаларына мемлекеттен қолдау көрсетілгенін қалайды. 

“Егер қайын аға, қайынысы болмаса рулас қайындарымен бас қосса, үкімет қарайласуы тиіс.

Екінші жолы, балаларын өз жұртына яғни, қайын атасына, қайын ағасының отбасылары алып қалуға міндеттеліп, келіншекке бөтен біреуге тұрмысқа шығуға рұқсат берілуі мүмкін.

Үшінші жолы, жетім баланың келіншегі жесір қалса, ол келіншек тұрмысқа шықса, оған баспана берілсе. Ал ажырасу - үлкен мәселе. Ажырасуға тыйым салынған жөн", - деп есептейді Төлен Рамазанұлы. 

Оның бұл пікіріне көпшіліктің айтқан жауабы әртүрлі. Бірі қолдаса, бірі қарсы шықты. 

“Қазір бұрынғы заман емес. Әйел өз күнін өзі көре алады. Кіммен қосылғысы келетінін өзі шешеді. Әмеңгерлік деген өз еркінсіз күйеуге беру”, “Бұрын баланы өз бауырларынан алыстатпау үшін, әйелді жалғыз қалдырмау үшін алған. Жеңгесіне ғашық болғаннан үйленбеген. Жақсы жақтары бар”, “Кей әйел екінші рет күйеуге тигісі келмеуі де мүмкін, оған ешкім зорлық көрсете алмайды”, “Егер әйел мен азаматтың келісімі болса, онда жөн”, “Қазір  әмеңгерлік деген жоқ, ешкім жеңгесіне үйленгісі де келмейді, баласын асырағысыда келмейді”, – деп жазды олар. 

stan.kz




Көрілген: 930    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 18:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31