Қоғам белсендісі келін емес, енелердің өзін тәрбиелеуді ұсынды

25 қазан 2021, 22:47

Елімізде некесін қиған жұптардың 40 пайызы ажырасып тынады, ал күн сайын 167 отбасы бұзылады. Көш басында Алматы қаласы тұр. Жалпы, соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың арасында белең алған ерсі үрдіске тыйымның болмауы депутаттарды да алаңдатып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Мәжілісмен Дархан Мыңбайдың пайымынша, жас отаудың ойраны шықпас үшін мектептер мен жоғары оқу орындары қабырғасында арнайы пән енгізу қажет. Ал қоғам белсендісі, әуелі келін емес, енелерді де тәрбиелеген дұрыс дейді, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

 

ДАРХАН МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 

- 2014-2019 жылға дейінгі кезеңде тіркелген некелердің жалпы саны 709,6 мың, ал ажырасқан отбасылардың саны 274,5 мың болды. Яғни, тіркелген некемен салыстырғанда ажырасулар саны 35 пайыздан 43 пайызға дейін өсті. Демек, соңғы 5 жылда күніне 389 неке тіркеліп, 150 отбасы ажырасқан.

 

Статистика комитетінің мәліметінше, былтырғы келеңсіз көрсеткіш бойынша Алматы көш бастап тұр екен. Одан кейінгі орындарда Қарағанды мен Алматы облысы жайғасқан. Жалпы ерлі-зайыптылардың екі жаққа кетуінің тым көбеюіне бірнеше фактор ықпал етеді, - дейді қоғам белсендісі.

 

АЙША ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

 

- Сыртқы әсерлер көп қой. Отбасына көп араласады. Енелер мектебін, келіндері мектебін қалыптастыру керек. Жеңгелер, қайын сіңілі мектебін қалыптастыру керек. Кешенді келетін мәселе. Кіншке орай енелер отбасының қалыптастыру да рөлін түсінбейді.

 

Осылайша, дәм-тұзы жараспағандар санын азайту үшін мемлекет бірқатар шараларды қолға алуы тиіс, - дейді депутат.

 

ДАРХАН МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 

- Біріншіден, орта және жоо отбасы құндылықтарын қастерлеуге бағытталған озық тәжірбиені үйреті және насихаттау бойынша факльтативтер енгізуді қарастыру. + 18 жасқа дейін балаларды сот үстіне қатысуды қамтамасыз ету керек.

 

Ажырасу аз өркениетті елдерде ажырасу қымбат әрі ұзақ рәсім болады.

 

Айта кетейік, сандарға сәйкес ажырасудың 50 пайыздан астамын - 18-35 жасқа дейінгілер құрап отыр. Сонымен қатар, 30-34 жас аралығындағы отбасылардың 23,3% некесі жиі бұзылады екен.