Мәселе

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды

  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды

    Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды

Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон арқылы фото, видео түсірілім жасауға тыйым салынды. Енді тарихи орын аумағында түсірілім жасау үшін құзырлы органдардың арнайы рұқсатын алу қажет, деп хабарлайды Экспресс К.
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегілердің айтуынша, мұндай шешім тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында қолға алынып отыр.

"Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоны рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды. Бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі және тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында маңызы зор", — деп атап өтті тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз хатшысы Мадина Сабыр.

Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғау аймағы 88,7 гектар жерді құрайды. Аталған аумаққа Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім кесенелері мен сегіз қырлы сағана, жерасты қылуеті, жұма мешіті, Күлтөбе қалашығы, хан ордасы мен хан мешіті сынды тарихи объектілер кіреді.




Көрілген: 702    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.12.2021, 00:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31