Мәселе

Көкбазар маңында ұрлықы ұялы телефон саудасы қызып тұр

  • https://xcm-models.com/

    https://xcm-models.com/

Заңсыз ұялы телефон сатудан көше саудасы әлі де қызып тұр. Көк базар аумағын торуылдап жүрген сатып алушылар телефонның, тіпті сіздің де құжатыңызды сұрамайды. Айтуларынша бұғатқа түскен құрылғыны ашу олар үшін еш қиындық тудырмайтын көрінеді. Ал, тұрғындар ұрланған қалта телефондарының көбі осындай жерде саудалануы мүмкін дейді, деп хабарлайды almaty.tv тілшісі.


«Жалпы ұялы телефон сатып алғанда жеке куәлігін талап ету керек шығар. Қорапсыз сатып алсаңда қауіпсіздікті ойлау керек. Жалпы, қолды болған байланыс құралдары осындай орындарда сатылатын шығар», - деді тұрғындардың бірі.


«Иә, күнде өткенде «телефон сатасыз ба?» деп сұрап тұрады осындағылар», - деді келесі бір тұрғын.


Биыл Алматы қаласы бойынша өзгенің мүлкін ұрлау фактісімен 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалыпты. Негізінен тұрғындардан ұялы телефонын ұрлатып алғаны жөнінде арыз-шағым көп түседі дейді полиция өкілдері.


«Жыл басынан бері ұялы телефондарды қолды еткен 410 қалта ұрылары ұсталды. Олар көбінесе қоғамдық орындарда және көліктерде арам ойын жүзеге асырады. Біз жыл басынан бері 40 арнайы операция ұйымдастырдық. Оның ішінде телефон сататын сауда дүкендері де бар», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


 


 




Көрілген: 194    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 23:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31