Көкшетауда әуе қатынасы тоқтап, жолаушылар пойызы күнара жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
 
Халықаралық және қалааралық автобустар да жүрмейді. Аймақтағы шектеу шараларының бірі осындай.
 
Мәселен, Көкшетауға күн сайын қатынайтын Қызылорда-Көкшетау, Алматы-Петропавл, Қостанай-Қарағанды және Павлодар-Пресногорск бағытындағы пойыздар қазір тек күнара жүреді.
 
Вокзал басшысының айтуынша, пандемия басталғалы бері жалпы жолаушылар ағыны 4 есеге азайған.
 
Мәселен, бұрын Көкшетау вокзалынан тәулігіне 2 мың адам өтетін болса, қазір әрі кетсе күніне 500 адам ғана келіп-кететін болған.
 
Дегенмен сақтық шараларын бәсеңдетуге болмайды дейді мамандар.
 
Алайда пойызбен келген жолаушыдан ПТР анықтамасы талап етілмейді.
 
Роза Арыстанқызы, теміржол вокзалының басшысы:
 
- Инфекцияның алдын алу шаралары жүріп жатыр. вокзал Вғимаратына қолдарында билеті бар жолаушыларды ғана кіргіземіз. Кіреберісте дене қызуын өлшейміз. Кассаның алдында арақашықтық сақталады. Барлық жерде санитайзерлер орналасқан. Ғимаратты желдетеміз, күніне 4 рет 15 минуттан.