Мәселе

Көкшетауда пәтерсіз жүрген келіншек құрсағындағы егіз сәбиін алдыртып тастамақ

  • www.ktk.kz

    www.ktk.kz

Көкшетауда шиеттей 7 баласы бар жас отбасы баспанасыз жүр. Арасында үшемі де бар. 30 жастағы көпбалалы келіншектің тағы аяғы ауыр екен. Мейірмановтар елордада 12 жыл тұрып, бір баспанаға қол жеткізе алмағаны былай тұрсын, 9 жанға ешкім пәтерін жалға да бергісі келмепті.
Барар жер басар тауы қалмаған олар іргедегі Көкшетауға қоныс аударған. Мұнда да жақсылық тапқандары шамалы. Не баспана жоқ, не балаларын мектепке орналастыра алмай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.
30 жасында Айгүл көпбалалы ана атанып отыр. Астанада 12 жыл бойы 7 баламен қаңғырып, әркімнің есігіне сығалап жүрген. Оның үстіне үшемнің біреуі тумысынан мүгедек. Оған дәрігерлік көмек қажет. Бас қалада сандалған отбасы жуырда Көкшетауға қоныс аударыпты. Шиеттей 7 баланың анасы тағы екіқабат екен. Дәрігерлер егіз болады депті.
"Тағы да енді аяғым ауыр. Не істеймін оны әкеліп өмірге. Дәрі ішіп қойдым. Қазір өкініп отырмын. Құрысыншы, 7 бала сыйған жерге, ол да сыймас па еді деп. Ол да бала ғой. Енді абортқа барам, келісіп қойдым", - дейді келіншек.

Бұл жас отбасының амалсыздан жасағалы отырған қадамы. Өйткені, қазір тұрып жатқан мына жалдамалы ескі үйдің өзі апатты жағдайда. 9 адам әрең сыйып отыр. Оны да 20 мың теңгеге әрең тапқан.
Әсіресе, 5-ші, 6-шы сыныпта оқитын Нұрсұлтан мен Нұрдәулет үшін қиын болып тұр. Тіркеуде жоқ болғасын мектепке  қабылдамапты. Оның үстіне, ілерге киімдері жоқ.
"7 баланы айтсам, бәрі қашады. Басқа амал  жоқ. Бауырларым да теріс айналды. Мектепке де алмай жатыр. Қай жақтан келдің,сол жаққа кетіңдер дейді. Мен Қазақстанның азаматымын, басқа жақтан ауып келгенім жоқ. Тіркеу деген сылтау ғана. Мектепке алмаудың сылтауы", - дейді отағасы Бақберген Мейірманов.
Менің жастарға айтарым, туудың қажеті жоқ. Демография деген бос сөз! Оның бәрі өтірік!
Көпбалалы отбасы Астанада пәтер кезегіне 10 мыңыншы болып тұр. Бас қаладан баспана бұйырғанша, қымбатшылықтан қашып, Көкшетауда күнелте тұруды жөн санапты. Әкесінің қара жұмысқа жалданып тапқан нәпақасы, күнделікті нан мен сүтіне ғана жетеді.
"Құдайдың да ісі шығар. Баланы үйіп төгіп беріп жатқаны. Несібесі болады деп ойлаймын. Менің жастарға айтарым, туудың қажеті жоқ. Демография деген бос сөз! Оның бәрі өтірік!", - дейді көпбалалы әке.
Көпбалалы отбасының мүшкіл жағдайынан Көкшетау билігі хабардар. Бірақ баспанамен жарылқай қояр ыңғай танытып отырған жоқ. Тек білім бөліміндегілер балаларды мектепке орналастырамыз деп уәде берді.
"Ата-анасына айттық. Медициналық тексеруден  өткізіп, балаларды мектепке алып келіңдер деп. Әлі келген жоқ. Біз білім бөлімі жағынан көмектесеміз, киім жағынан", - деп ақталды Көкшетау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Азамат Жамбеталин.
Мейірмановтардың бар сұрайтындары да осы. Балаларын мектепке орналастыру және қыстап шығар уақытша баспана. Өйткені қазір тұрып жатқан күркелерінің шатыры ортасына түскелі тұр.
КТК арнасы




Көрілген: 1516    Пікірлер: 0

жұма, 31.10.2014, 14:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31