Мәселе

Көкшетауда саяжай тұрғындары жолға таласып, шу шығарды

  • Көкшетауда саяжай тұрғындары жолға таласып, шу шығарды

    Көкшетауда саяжай тұрғындары жолға таласып, шу шығарды

Көкшетауда саяжай тұрғындары бір-бірімен қырық пышақ болып қырқысуда. Өйткен, он шақты адам саяжайға кіріп шығатын жолға шлагбаум мен бетон блок қойып тастаған. Олар ерсілі-қарсылы күнде ағылатын көліктер көк шаң көтеріп, содан тынысымыз тарылды деп шағымданды. Ал екінші тарап бау-бақшамызға жете алмай қалдық деп қиғылық салуда, деп хабарлайды КТК арнасы.

Саяжайларды қалада үйі жоқтар қысы-жазы қоныстанатын тұрақты баспанаға айналдырып алған. Көшеден күнде көлік нөпірі үзілмейді екен. Ашуланған кей тұрғындар жолдың екі бетіне бетон блок қойып, қозғалысты тоқтатып тастаған. Соның салдарынан арғы беттегі саяжай тұрғындары үйіне жете алмай жүр. 

 
“Бұл барып тұрған басып алу ғой. Ең кең көше, бәрімізге ортақ. Саяжайшыларды әбігерге салып қойды, тіпті жағдай ушығып барады. Жұрт төбелесуге дайын. 40 жылда болмаған мәселе. Қазір жабылып ашып тастадық, құлыптап қойған. Егер өрт болса, мынадай ыстықта бәрі кетеді ғой. Соны түсіндіре алмай жүрміз”, – деді саяжай тұрғыны Анатолий Салонский.

Жолды жауып жүрген – 10 шақты адам. Олар қалтасынан қаржы шығарып шлагбаум орнатып қойыпты. Енді  өзара келісе алмай қалған бау-бақша бірлестіктері жолды жапқандардың жарығын өшірем деп өшігіп отыр. Ал көшені ашқысы келмегендер саяжайда басқа да жол бар екенін айтады. 

“Міне, тас жолдан тура қажетті саяжайларына апаратын жол бар. Соны жөндеу керек. Сонда әркім өз жолымен жүреді. Ешкім ешкімге кедергі жасамайды. Масқара емес пе, күніне 200 дей көлік жүріп өткенде, шаң жұтып отырғанымыз. Осы жолға жабысып қалғандай”, – дейді саяжай тұрғыны Айгүл Ғабдуллина. 

Көлік нөпірінен шаршаған жұрт тым болмаса, жылдамдықты тежейтін кедергілер қойылса екен дейді. Бірақ оны саяжайшылар өз қаржысына жасауы керек.

Ал шенеуніктер көшені иемденіп алған тұрғындардың әрекеті заңсыз екенін айтады. 

“Бұл жолдар мен өткелдер ортақ пайдаланымдағы жер. Мемлекет меншігі, бірақ ешкімнің балансында жоқ. Саяжай кооперативтеріне бөлінгендіктен, олар өздері келісіп шешуі қажет. Шлагбаум қойып, бетонмен бекітуге көпшіліктің келісімінсіз ешкімнің құқығы жоқ”, – деді Көкшетау қаласы жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асхат Вазиров.




Көрілген: 1202    Пікірлер: 0

сенбі, 17.07.2021, 16:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30