Мәселе

Көкшетауды су басты (фото, видео)

  • Куәгер жолдаған сурет

    Куәгер жолдаған сурет

Көкшетау көшелерін су басты. Куәгерлер аудандардағы су тасқынын видеоға түсіріп жатыр, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


"Бүгін 04.50-де Қылшақты өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп кетті. Өзен жағалаудан өтіп, Көкшетау қаласындағы алты үй мен 12 аула учаскесін басып тастады. Қазір инженерлік жұмыс істеліп жатыр, яғни, Қылшақты өзенінің жағалауына топырақ төгіліп, үйлерден су тартылып жатыр. Су деңгейі төмендеді", - деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.



Облыс орталығындағы брифингте ТЖД басшысы Алексей Советов судың қайдан келгенін айтып берді.


"Қылшақты өзенінде су деңгейі қатты көтеріліп кетті. Өзенге қосылған судың бір бөлігі Кенесары тоғанынан келген. Ал басым бөлігі Ивановский тоғанынан қосылған. Біз су тасқынының қаупін жойып, Көкшетау қаласына тиюі мүмкін зақымды азайттық", - деді брифингте Ақмола облысы ТЖД басшысы Алексей Советов.



Оның айтуынша, биыл 31 наурызда 10-15 сантиметрлік қардың еруі өзендегі су деңгейінің көтеруілуіне әкеп соқтырған. Қазір су тасқынын жою үшін техниканың бәрі жұмылдырылған. 15-ке жуық аула аймақтарын су басқан. 17.00-ге дейін ТЖД үйлерден суды тартып шығарып, қауіптің бетін қайтаруға уәде берді.




 




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.04.2019, 15:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31