Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көкшетаулық бойжеткен желіде жалаңаш суреттерін жариялаған

10 ақпан 2021, 18:10

Полицейлер жалаңаш суреттерін желіде таратқан Көкшетау қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады. Қыз порнографиялық сипаттағы суреттерді таратумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Ақпанда Көкшетау полиция бөлімшесіне Света есімді қыздың порнографиялық сипаттағы суреттерді тарату және жарнамалау бойынша сайттардың біріне хабарландыру салғаны туралы ақпарат түскен.

 

"Аталған факт бойынша 9 ақпанда Antifraud жедел алдын алу шарасы кезінде полицейлер 21 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Қыз өз кінәсін толық мойындады. Былтыр да полиция қызметкерлері оны құқықбұзушылық әрекеті үшін жауапқа тартқан. Алайда бұл сабақ болмаған көрінеді. Сонымен қатар, қыз бір жылдан аса уақыт интим сипаттағы қызмет көрсете бастағаны және осылайша өзін түрлі сайттарда жарнамалағаны белгілі болды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

 

Жеңілтек қызға қатысты полиция ҚК-нің 311-бабы ("Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.