Мәселе

Көкшетаулық жеңгетай массаж салонында притон ұйымдастырған

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Көкшетауда притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Ағымдағы жылғы 17 маусымда “Стоп-трафик” жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру және ұстау фактісін анықтады.

 

Полиция қызметкерлері ұйымдастырушыны, облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын, сондай-ақ 21 жастан 27 жасқа дейінгі жезөкшелерді анықтады.

 

Күдіктінің массаж салоны ретінде интимдік қызмет көрсету, клиенттерді іздеу және жарнама бойынша жұмыс ұйымдастырғаны анықталды.

 

Оның мекен-жайы ІІМ Криминалдық полиция департаментіне бұғаттау үшін жіберілді.

 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу басқармасымен ҚР ҚК 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Бұлтартпау шарасы: “келу туралы міндеттеме”. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 10:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31