Мәселе

Көктайғақ, бұрқасын: 8 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • Көктайғақ, бұрқасын: 8 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Көктайғақ, бұрқасын: 8 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Көкшетауда 14 қараша күні жолдарда көктайғақ болады.

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Нұр-Сұлтанда 14 қарашада кей уақытта көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с болады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында ертең көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 

Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Көкшетауда 14 қараша күні жолдарда көктайғақ болады. Ақтөбе облысының басым бөлігінде түнде, облыстың солтүстік-шығысында күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. 

Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Ақтөбеде 14 қарашада жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. 14 қарашада күндіз Қызылорда облысының орталығында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Қарағандыда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жезқазғанда 14 қарашада көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтіледі. 14 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. 

Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 23 м/с. Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

 Түркістанда 14 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с болады. Петропавлда 14 қарашада көктайғақ болады. 14 қарашада Қостанай облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын соғады. Онтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. 14 қараша түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.11.2021, 00:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31